Array «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің міндетіміз» | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің міндетіміз»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің міндетіміз»Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 мамырында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-біздің міндетіміз» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді. Іс-шара барысында басқарма басшысы Жұмыров Аманбек Кабдешұлы қызметкерлерге іс-шараның мақсаты, басқарма қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге басқарманың және емдеу сауықтыру ұйымдарының жаңа жұмыс бағыттары-талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Каримжанов Алмаз Каримжанұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының нормаларын түсіндіріп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» мен №16 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары» бұйрықтарын түсіндіріп, бейнероликтер көрсетілді.


Мақаланың шыққан күні:: 13.07.2016 15:35
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.07.2016 15:35