Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Жемқорлықпен күрес үздіксіз жалғасуда!

Сыбайлас жемқорлық- әлеуметтік- экономикалық даму процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Жем ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін сақтау қатаң бақылауға алынып келеді және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып орындалады. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап, күні бүгінге дейін жеке тұлғалардан 32, заңды тұлғалардан 4 өтініш түсіп, оның 19-ы қанағаттандырылды, 5- еуі кері қайтарылды (сұралып отырған жер учаскесі Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №35-7 шешімімен бекітілген бас жоспарына сәйкес тұрғын үй салу қарастырылмаған және де жер учаскесін орналастырудың ситуациялық схемасы қоса берілмеген), 12 өтініш бойынша процесс жүргізілуде. Жүгінген тұлғаларға бірегей нөмірі бар талон беріледі.

Округ бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды насихаттау жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында округ көшелеріне, халық көп шоғырланатын жерлерде баннерлер, жадынамалар ілініп, «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыстары, қоғамдық бақылау картасы тұрғындарға кеңінен таныстырылып, таратылуда. Мұның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру,өздеріне қарсы қандай да бір құққыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері және де мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету болып табылады.

 

 

Жем ауылдық округі әкімі Б.Кариев


Мақаланың шыққан күні: 13.06.2019 15:54

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.06.2019 15:54

Қаралым саны: 587