Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.12.2017

Қызметтер

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-біздің ортақ міндетіміз»

Атырау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 тамызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-біздің ортақ міндетіміз» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді. Іс-шара барысында басқарма басшысының орынбасары А.Баймагамбетова қызметкерлерге іс-шараның мақсаты, басқарма қызметінің басым бағыттары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге басқарманың және емдеу сауықтыру ұйымдарының жаңа жұмыс бағыттары-талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары А.Аманиязова және Л.Даулетова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының нормаларын түсіндіріп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» мен №16 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары» бұйрықтарын түсіндіріп,қатысушылар арасында пікірталас жүргізіліп, қысқа метражды бейнебаян көрсетіліп, оқу ағарту материалдары таратылды.


Мақаланың шыққан күні:: 09.01.2017 14:02
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.01.2017 14:02