Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің міндетіміз»

27.03.2016

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің міндетіміз»Атырау облысы Қаржы басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 мамырында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің міндетіміз» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді. Іс-шара барысында басқарма басшысы Жылқыбаев Бағытжан Мазғалиұлы қызметкерлерге іс-шараның мақсаты, басқарма қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге басқарманың жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Каримжанов Алмаз Каримжанұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы түсіндіріп,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары»мен №16 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары» бұйрықтарын түсіндіріп, бейнероликтер көрсетілді.


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 19:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 19:00