Array «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің міндетіміз» | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.05.2017

Қызметтер

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің міндетіміз»

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 мамырында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - біздің міндетіміз» тақырыбында және Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №16, №18 бұйрықтарын түсіндіру бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында басқарма басшысының орынбасары Өтеғалиева Балдай Өтеғалиқызы қызметкерлерге іс-шараның мақсаты, басқарма қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 16:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 16:08