Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.12.2017

Қызметтер

«Сыбайлас жемқарлыққа қарсы күрес – біздің міндетіміз»

07.12.2015

«Сыбайлас жемқарлыққа қарсы күрес – біздің міндетіміз»Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік қызметшінің, ел азаматтарының міндеті екендігі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында айқын көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп – қатерден ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алуға, анықтауға, олардың жолын кесуге және ашуға, зардаптарын жоюға және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Атырау облысы Қаржы басқармасында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарын орындау бағытында жұмыстар атқарылуда.
Қаржы басқармасының негізгі қызметінің бірі – бюджет қаражаттарының жұмсалуы мен қолданылуының айқындылығын қамтамасыз ету. Апта сайын тұрақты түрде қызметкерлермен өткізілетін кеңестерде бөлім басшыларына және басқарма басшысының орынбасарларына жемқорлық белгілерінің алдын - алып отыру шараларын ерекше назарда ұстау тапсырылады.
Мемлекеттік және ресми тілдерде жергілікті басылымдарға «Сенім телефоны» және халыққа кызмет көрсету орталығында азаматтарды қабылдау жөніндегі кесте жарияланып, қабылдау өткізіліп тұрады.
«Атырау облысы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары» орындалуы мен сақталуы басқарманың ұдайы назарында ұсталып келеді, мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасының қағидалары Қаржы басқармасында сақталуын қадағалау үшін арнайы бақылау кітабы ашылған.
Атырау облысы Қаржы басқармасы қызметкерлері мен олардың жұбайларының (зайыбының) меншігіндегі мүлкі және табысы жөніндегі мәлімдемелерін уақтылы және толық тапсырылуы қатаң бақылауда ұстанылады.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Өзіңнен баста!» акциясына байланысты басқарма басшысының табысы мен дүние – мүлкі туралы мәліметтері «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне жарияланды.
2015 жылдың 1 шілдесінде Атырау облысы Қаржы басқармасы «Облыстық бюджеттің орындалуы мәселелері» тақырыбында интернет конференция өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Сондықтан, алдағы уақытта Мемлекет басшысының бізге жүктеген міндеттерін іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алуда күш – жігерімізді жұмсайтын боламыз.

Атырау облысы Қаржы басқармасы
басшысының орынбасары
Ш.М.Елеусинова


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 18:31
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 18:40