Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай

Благотворительный забег 16.06.2018 жылы бүкіл Республика бойынша бір уақытта «Алға басу – движение вперед» мемлекеттік қызметшілер арасындағы қайырымдылық жүгіріс жарысы өтті.

Осы іс – шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігі ұйымдастырады.

Бұл шараның мақсаты - спортты дамыту, салауаты өмір салтын насихаттау және «Дом» қайырымдылық қорын қолдау болып табылады. Қатысушылардан жиналған қаражат Қазақстанда емделуге келмейтін аурулармен ауыратын балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Атырау қаласындағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қайырымдылық жарысына қатысты.

Бөлім басшысы Самат Тастембаев 40-49 жас аралығындағы ерлер арасындағы жарыста 2-ші орынға ие болды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Самат Тастембаевты құттықтап, оның кәсіби қызметіне табыс тіледі.

 

Благотворительный забег

Мақаланың шыққан күні: 19.06.2018 06:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 09:24

Қаралым саны: 1725