Array Бизнес | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Бизнес

Шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру

Шағын және орта бизнесті қолдау мемлекетіміздің басты тапсырмаларының бірі болып табылады.

Қазақстан халқына жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда, Атырау облысының әкімдігі шағын және орта бизнесті қолдауда жан-жақты бағыттарда жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 53 235 құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% жоғары, оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 44 217 бірлікті құрады (94,8%- 2015 жылдың салыстырмалы кезеңіне, республика бойынша – 95,4%).

2016 жылдың 3 тоқсанына аталған салада жұмыспен қамтылғандардың саны - 128,7 мың адам құрады (7,9%-ға жоғары), бұл экономикалық белсенді халық санының – 40% асады.

Шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2016 жылдың 3 тоқсанына - 653,5 млрд.теңге, 2015 жылмен салыстырғанда – 7,4% жоғары ( республика бойынша – 93,1%).

Бұл ретте, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 14,2% құрады (2014 жылы- 8,8%, 62%-жоғары ).

Шағын және орта кәсіпкерліктің даму жолының бірі болып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда, яғни кәсіпкерлік саласының даму қарқынының механизмі болып отыр.

2016 жылы несие сомасы 14,4 млрд.теңгеге 123 жоба субсидияланды, кепілдендіру сомасы 800,1 млн.теңгеге 78 жоба кепілдендірілді және жалпы сомасы 22,0 млн.теңгеге 8 кәсіпкердің жобасына қайтарымсыз грант ұсынылды және 56 кәсіпкерлік субъектілеріне шағын несие берілді.

Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2016 жылы 990 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Сонымен қатар, Бағдарлама шеңберінде қаржылық емес қолдау құралы да ескерілген, яғни «Даму» КДҚ» АҚ аймақтық филиалы және Атырау облысының Кәсіпкерлік палатасымен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес Кеңесші», «Іскерлік байланыстыр» және «Топ менеджмент» құралдары бойынша оқулар, бизнес-тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, біліктілікті арттыру, бизнеске кеңестер беру бойынша 2016 жылы 2 008 кәсіпкер қаржылық емес қолдау алды. Оның ішінде:

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 599 кәсіпкер курстан өтсе, топ-менеджменті оқыту бойынша 17 кәсіпорын басшылары оқытылды.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша Қазақстандағы бизнес-тренингтерден 32 кәсіпкер бизнес-тренингтен өтті және 2 кәсіпкер Германия-да курстан өтті.

Сервистік қолдау бойынша 1 208 шағын және орта бизнес субъектілеріне 2 693 сервистік қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар, Ұлттық қор есебінен «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1-ші, 2-ші, 3-ші транштар бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы жалпы сомасы 8,4 млрд. теңге болатын 53 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Бұл Бағдарлама бойынша облыста 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Екінші деңгейдегі банктер кепілдік өтімділігінің күші төмен болуынан ауылдық жерлерде іске асырылатын жобаларды қаржыландыруда бірқатар қиындықтар кездесіп келді.

Осы проблеманы шешу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен соңғы 4 жылда, (2013-2016 жылдары) ауылдық кәсіпкерлерді қолдау үшін жергілікті бюджеттен 807 млн.теңге бөлінді. Аталған қаражатқа ауылда 200-ден аса бизнес жоба қаржыланып, 500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды, бағдарламаға қатысушылардан бюджетке 50 млн.теңге салық түсіп, кәсіпкерлер шығарылған өнімдерінен 1 млрд. теңгеге жуық табыс алды.

Соның ішінде 2016 жылы 150 млн.теңге жергілікті бюджеттен және 100 млн. теңге түпкі қарыз алушылардан өтелген қаражат есебінен бөлініп, барлығы 55 жоба мақұлданды, 2015 жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскен, 107 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, бірлесіп қаржыландыру үшін 2016 жылы 500 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 250 млн.т. жергілікті бюджеттен және 250 млн.т. «Даму» қорының қаражаты есебінен жобалар қаржыландырылды. Аталған қаражатқа 18 жоба қаржыланып, 71 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Аталған бағытта жұмыс жалғасын табатын болады. Барлық кәсіпкерлерді мемлекетті қолдау бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырамыз.


 

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамуы.Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы.

Атырау облысы бойынша 2016 жылға «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде нысаналы трансферттер бойынша 1 872,8 млн.теңге қаражат бөлінді (оның ішінде: несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға – 1 473,7 млн.теңге, несиенің ішінара кепілдендіруге – 179,8 млн.теңге, грант ұсынуға – 22,0 млн.теңге, шағын несиелеуге – 197,3 млн.теңге).

2016 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша Атырау облысы Өңірлік үйлестіру кеңесімен 364 жаңа жұмыс орнын ашумен, несие сомасы 3,3 млн.теңгені құрайтын 56 жоба мақұлданды, оның ішінде несие сомасы 1 697,7 млн.теңге болатын 7 жоба Ұлттық қордан және кепілдендіру сомасы 294,4 млн.теңге құрайтын 32 жоба кепілдендірілді.

2016 жылдың басынан Бағдарлама шеңберінде қаржылық емес қолдау құралы бағытында сервистік қолдау бойынша 717 шағын және орта бизнес субъектілеріне 1318 сервистік қызмет көрсетілді.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 417 кәсіпкер курстан өтті.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 2 кәсіпкер Германияға курстан өттуге жолданды.

01.08.2016 жылғы жағдай бойынша шағын және орта бизнесті қолдау бойынша өңдеу өнеркәсібінде 1-ші 2-ші және 3-ші транштар бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы жалпы сомасы 8,4 млрд. теңге болатын 50 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылып, 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар бірлесіп қаржыландыру үшін 500 млн. теңге бөлінді, оның 250 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен және 250 млн. теңге «Даму» Қорынан бөлінді. Қаражатты игеру үшін екінші деңгейдегі 4 банк анықталды (Қазақстан Халық Банкі, Центр Кредит Банкі, АзияКредит Банкі және Казкоммерцбанкі).

Бүгінгі күні 2 жоба мақұлданып, 2 жоба банктерде қаралу үстінде.

Одан басқа, ауыл бизнесің қол жетімді несиемен қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджеттен соңғы үш жылда 657 млн.теңге бөлінді, бұл ауылдық жерде 147 бизнес нысанының құрылуына және 352 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді. Биылғы жылы ауылдағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту үшін облыстық бюджеттен 150,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні 62 - жаңа жұмыс орнының құрылуымен 24 жоба қаржыландырылды.

Биылда аталған бағытта жұмыстар жалғасатын болады. Барлық кәсіпкерлерге бизнесті қолдау бағдарламаларына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.

Толық мәлімет алу үшін Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына келесі телефондар арқылы байланысуыңызды сұраймыз: 35-45-75, 35-45-89.

 


 

«Бизнестің жол картасы  2020» бағдарламасының іске асырылуы жөнінде ақпарат

Атырау облысы әкімдігімен «Бизнестің жол картасы  2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2013 жылға ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 976,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: субсидиялауға – 429,6 млн. теңге, кепілдендіру бойынша – 58,0 млн. теңге, сервистік қолдау бойынша – 30,0 млн. теңге, грант ұсыну бойынша - 10,0 млн. теңге, индустриялық инфрақұрылымды дамыту бойынша – 449,2 млн. теңге.

2013 жылдың басынан Өңірлік үйлестіру кеңесімен несиенің пайыздық ставкасын субсидиялауға сомасы 8,6 млрд. теңге 25 жоба мақұлданды. Бұл бағдарламаға қатысу облыс кәсіпкерлеріне әр түрлі саладағы шағын және орта бизнестің жаңа  объектілерін ашуға мүмкіндік берді, 303 жаңа жұмыс орны құрылады.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 13:19
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.02.2017 10:16