Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Әбен Қонысбай Ілесұлының өмірбаяны

Өмірбаян

Әден Қонысбай Ілесұлы - 1956 жылы 3-ші қарашада Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында жұмысшы жанұясында дүниеге келді. 1963-ші жылы Н.К.Крупская атындағы орта мектепке қабылданып, оны 1973-ші жылы бітірді.

1973-1975-ші жыл аралығында Әліби Жангелдин атындағы совхозда, одан соң аудандық коммуналдық қызмет көрсету мекемесінде жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. Сонан Гурьев қаласындағы ДОССАФ-та теңізшілер клубында әскери коммиссарияттың жолдамасымен оқып электромеханик-дизелист мамандығын алдым.

1975 жылы қыркүйек айында Гурьев қаласындағы ГПТУ-101 училищесіне қабылданып, оны 1976 жылдың мамыр айында бітіріп 3-ші разряд электросварщик мамандығын алып шықты.

1976-1978-ші жылдары Совет армиясы қатарына алынып әскери борышымды өтеп. 1978 жылдың мамырында елге оралып, сол жылы Ақтөбе қаласының мәдени-ағарту училищесінің суретші-көркемдеуші факультетіне оқуға түсіп оны 1982 жылы толық курсын бітіріп жолдамамен Гурьев қаласына (қазіргі Атырау) жаңадан ашылған ГХПМ көркемсурет қорына суретшілер одағы мекемесіне суретші болып жұмысқа орналасты.

1984-ші жылы өндірістен қол үзбестен Алматы қаласындағы Абай атындағы Еңбек қызылту орденді қазақ педагогикалық институтының көркемсурет–графика факультетіне оқуға түсіп оны 1989 жылы 27-ші маусымда сурет және сызу пәнінің мұғалімі деген квалификация алып толық курсын ойдағыдай бітіріп шықтым. 1989-шы жылдың күзінде Қызылқоға ауданы әкімшілігінің коммуналдық шаруашылық мекемесіне ауысу тәртібімен жұмысқа шықты.

1991-1994-ші жылдар аралығында осы мекеменің жанынан «Әсем» шағын кәсіпорынын құрып, соған басшылық жасады. 1994 жылдың наурызынан коммуналдық шаруашылық мекемесіне ауысып бас маман есебімен жалғастырып әкімшіліктің тапсырмасымен суретші көркемдеуші қызметін атқарды.

1995 жылдың 15-ші тамызынан Б.Аманшин орта мектебіне бейнелеу, сызу пәнінің мұғалімі болып қабылданып, 2013 жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұзтаздық етіп, одан соң №1 Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияға мұғалімдік қызметке ауысты.

Отбасылы, жолдасы Мәнжан үй шаруасында. Бес баланың анасы. Қазіргі таңда бес жиені бар, ата-әже атанып отырған бақытты отбасы.

«Қызылқоғаның құрметті азаматы» төсбелгісінің авторы. Биыл да облыстық С.Шаймерден шоқтары фестивалінің «Дала дарабозы» байқауынан, облыстық бейнелеу пәні мұғалімдері арасынан бірінші орын жүлдегері.


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 15:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 15:28

Қаралым саны: 93