Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Кітапханалар

Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана

1920 жылғы 19 қаңтарда Халық ағарту уездік бөлімі Гурьев революциялық комитеті мектептен тыс бөлімі болып құрылды.

Бұл бөлімнің өзі үш бөлімшеге бөлініп, орталық кітапхананың уақытша штаты енгізіледі. Осы кезден бастап орталық кітапхана кітаптарды талдаудан өткізіп, толық каталог құрастыруға кіріседі.

1926 жылдың 15 мамырында бұл кітапхана қала бойынша уездік кітапханаға айналып, кітап қорында барлығы 5600 дана кітап болған.

1927 жылы Оралдың губерниялық саяси ағарту орталығы кітапхана туралы қаулы бекітеді. Қаулыда кітапханада кітапқа деген сұраныс көбейгендігікөрсетіліп, кітаптың жетіспейтіндеігі, айына берілім саны 1526 дана екендігі айтылады. Қалалық атқару комитеті 1927 жылдың 13 маусымында орталық кітапхана ашу жөнінде шешім қабылдайды.

Әкімшілік территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты уездік кітапхана қата құрылып, 1928 жылы 17 қаңтарда округтік болады. 1930 жылғы 17 желтоқсанда аудандық, 1933 жылғы 1 шілдеде қайтадан округтік, 1938 жылдың 12 ақпанында облыстық кітапхана болып бекітіледі. Аудандарда аудандық кітапханалар құрыла бастады. Облыстық кітапхна Орталық Комитеттің «Кітапхана ісінің жағдайы және жақсарту шаралары» атты қаулысын басшылыққа ала отырып, еңбекшілердің мәдени-рухани деңгейін көтеру үшін белсенді көмек көрсетуге, партия шешімдерін насихаттауға бет бұрды. Ол кезде кітапхана «Жұлдыз» кинотеатрының бір жағына орналасты, қызметкерлер саны үш-ақ адам болатын.

Кітапхана өзінің кітап қорын сауда  мекемелері мен республика қалаларынан почта арқылы алу жолдарымен толықтырды. Негізгі толықтыру облыстық кітапхана коллекторы арқылы жасалды, сондай-ақ, Иваново, Воронеж,  Рига, Ставрополь, Тамбов, Львов және Куйбышев қалаларынан әдебиеттер алып отырды. Кітап қоры орыс классиктерінің, шетел және кеңес жазушыларының шығармаларымен толықты.

1953 жылы облыстық кітапхананың ішкі бөлімдері, қызметкерлер саны толықты. Кітапханада екі абонемент бөлімі, оқу залы, көшпелі кітапхана, автокітапхана, алты қызметкер  жұмыс жасады. 1957 жылғы маусым айында облыстық кітапханада әдістемелік кабинет құрылды. Ондағы мақсат – аудандық, селолық кітапханаларға әдістемелік көмектер көрсету, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені тарату еді.

1959  жылдың басында кітап қорын өңдеу және толықтыру, библиография бөлімдері ұйымдастырылды.  Ғылыми әдістемелік бәлім өзінің алғаш құрылған жылынан бастап облыс облыс кітапханаларының жұмысына басшылық жасап, әдісткмелік көмек көрсетумен қатар кітапханашылардың кәсіби мамандығын арттыру мен білімін жетілдеруде курстар, стажировка-практикумдар және зерделі кеңестер өткізді.

2002 жылдың мамыр айында Ұлттық кітапханада өткен «Корпоративная катологизация Республики Казахстан» деп аталатын республикалық конференцияда кітапханалық «РА-БИС» бағдарламасы, оны пайдалану, біріктіру жөнінде мәселелер талқыланды. Осыған орай кітапханада электронды каталогты республика кітапханаларымен біріктіру, бір жерден басқарып, өз өнімдерімізді Интернет жүйесі арқылы насихаттау жұмысының алғашқы қадамдары жасалуда. Сондай-ақ, Интернеттегі Махамбет бабамызға арналған web-сайт материалдары кітапхана мамандарының күшімен дайындалып шығарылды. 2009 жылы кітапхана Атырау қаласының «Нұрсая» ықшам ауданынан ашылған жаңа ғиаратқа оранасты.

«Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы:
Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 52 үй


 

Облыстық балалар кітапханасы

Облыстық балалар кітапханасы 1966 жылы құрылды. Кітапхана алғашқы кезде екіге бөлініп, Самарская және Пушкина көшелеріндегі тұрғын үйлерінде қызмет көрсетті. Кітапхананың алғашқы директоры болып жоғары білімді маман В.Лапшин тағайындалды. Кітапхана төменгі және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсетіп жылдың аяғына дейін 930 оқырманды қамтыды. Кітап қоры бастапқы кезде бибколлектор және кітап дүкендері арқылы толықтырылып 10479 данаға жеткізілді.

Облыстық балалар кітапханасы 1971 жылы Абай алаңында жаңа типтік балалар кітапханасына арналған ғимаратына орналасты. Кітапханада балдырғандар үшін және орта мен ересек жастағы оқушылар үшін абонементі, оқу залдары, өнер жайлы әдебиеттер бөлімі бар. Кітапханада 2 оқу залы, 2 абонемент бөлімі,өнер жөніндегі әдебиеттер секторы,әдістемелік-бмблиографиялық бөлім, қорды толықтыру, өңдеу және сақтау бөлімі қызмет істейді. 2003 жылдан бастап кітапхана процестерін автоматтандыру ісі басталды. Ақпараттарды компьютер жадына салу процесі «РАБИС» бағдарламасы бойынша іске асырылуда.

Кітапхананың негізгі бағыттары – балалар кітаптары, газет-журналдарының коллекцияларын сақтау және дамыту; балалардың білім алуына,бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және тәрбие ісіне көмек;балалардың ақпаратқа қолы еркін жету құқығын қамтамасыз ету. Оқырмандардың қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны – терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері. Кітапхананың оқу залында тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылған: «Әлем таныған - Қазақстан, «Өлке тарихы – адамзат тарихының бір бөлшегің, «Тіл - ұлт рухани ұясың. Оқырмандар үшін қызықты клубтар жұмыс істейді: «Юная рукодельницаң үйрмесі, жас ақындар клубы «Жас қаламгерлерң, «Балдәурен « қуыршақ театры .

Оқырмандардың білімін, ой-өрісін байытуға, рухын көтеретін, қиялына қанат бітіретін кітапханада түрлі іс шаралар жүргізілуде: «Өтті ғой соғысң кездесу кеші, «По закону Ома  білімң сайысы, «Қамын ойлап қазақтыңң дөңгелек үстел, «Имандылық туралы мың сұрақң брэйн-ринг, «Асқар тауға айналған ақын «әдеби кеш тағы басқалар.

Кітапхана жұмысы үнемі жергілікті ақпараттар беттерінде,телевидение, радио арқылы халыққа жарияланып көрсетіліп отырады.

Облыстағы балалар кітапханасы – облыстағы балалар кітапханалары үшін әдістемелік көмек көрсететін орталық. 1970-1990 жылдар аралығында облыстық балалар кітапханасын білгір маман Роза Жапарқызы Хамметова басқарды. 1991-2006 жылдар аралығында Сара Кенжеғұлқызы Ирбатырова, 2006 жылдың қазан  айынан бастап Баймурзина Гүлайым Кадимқызы басшылық етіп келеді.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 13:00
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.01.2017 17:24