Array Жұмыссыздық | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.04.2017

Қызметтер

Жұмыссыздық

Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша, 2013 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.
Облыс бойынша 7488 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 5405-і – тұрақты жұмыс орындары, 2083-і – уақытша жұмыс орындары. Жұмыс орындарының құрылуы ең көбі құрылыс саласында байқалады - 3248.
Ауыл шаруашылығында - 576 орын, өнеркәсіпте – 289, көтерме және бөлшек сауда саласында – 240, көлік және қоймалау саласында – 196, білім беру саласында – 95, денсаулық сақтау - 55 орын және экономикалық қызметтің басқа түрлері – 706 орын құрылды.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 8742 жұмыссыз хабарласты, «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы» бойынша – 2528 адам.
Хабарласқандардың жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың үлесі 58,5 пайызды құрады, немесе 5118 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Кәсіби даярлық курсына 970 жұмыссыз жіберілді, олардың 360-ы оқуды бітіріп, 25-і жұмыспен қамтылды. Қысқа мерзімді курстар 45 мамандық бойынша 22 оқу орталықтарында жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, шетел компанияларымен Келісім шарттар жасақталып,  кәсіби мамандыққа оқу курстарына 539 адам жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға 25 түрлері бойынша 3677 жұмыссыз жіберілді, олардың 1079-ы - аз қамтылған отбасылар. Мақсатты топтарға жататын жұмыссыздар есебінен әлеуметтік жұмыс орнына 1076 адам жұмысқа орналастырылды.
2012 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 46 жәрмеңке өткізілді. Жәрменкенің қорытындысы бойынша қатысқан 3741 адамның ішінен 1240-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.


Мақаланың шыққан күні:: 04.07.2016 14:43
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.07.2016 14:43