Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

ҮЕҰ төрағаларымен әңгіме өтті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Осы орайда, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағаларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында әңгімелесу өтті.

Басқосуда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыскер жататынын, өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру сынды келеңсіз әрекеттердің алдын алу бағытында әңгімеленді. Сонымен қатар, парақорлыққа дәлел болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қортындысы немесе қате аудару, тағыда басқа жалған жауап беру лауазымды адамдардың атына сын келтіретіні тұрғысында моральдық кеңестер берілді. Осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалатындығы жөнінде қызу талқылау өрбіген жиында мемлекеттік қызметтегілер ар-намыс кодексінің де қоғамдағы маңызын тарқатты.

 

Г.Маратова, аудандық

ішкі саясат бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 06.06.2019 17:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.06.2019 17:39

Қаралым саны: 613