Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2018

Қызметтер

2017 жылдың шілде айында Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «БатысТранзит» АҚ-ы арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шартына қол қойылды

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Атырау қаласының 39 көшесінде көше-жарық желісінің құрылысын жүргізу 2017 жылы жоспарланып, бастау алды. Аталған жоба бойынша 106 шақырым электр желісін жүргізу, 20 трансформаторлық станциясын, 42 сыртқы жарық шамдарын басқару шкафтары және 2816 дана светодиоттық жарық шамдарын орнату жоспарланды.

2017 жылдың шілде айында Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «БатысТранзит» АҚ-ы арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шартына қол қойылды.

Бұл жоба бойынша құрылыс жұмыстары жеке кәсіпкер қаражаты есебінен жүргізіледі және кәсіпкер бұл желілерді 5 жыл мерзімінде пайдаланатындықтан жарық шамдарының сапасына кепілдеме берді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде энергия үнемдеуші светодиодтық шамдарын қолдану арқылы жарықтандырылмаған көшелерді жарықтандырып, тұрғындардың қауіпсіз өмір сүруіне мүмкіндікке ие болды.

Жасақталған келісім - шарт бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына және желілерді күтіп-ұстау қызметтері 5,128 млрд.теңгені құрайды.

Құрылыс жұмыстары екі кезеңге бөлінген: 2017 жылы 19 көше құрылысы жоспарланып, 1066 дана светодиоттық жарық шамдары орнатылды. Ал, ағымдағы жылы 27 көшеге жүргізу бастау алғалы тұр.


Мақаланың шыққан күні:: 10.05.2018 00:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.05.2018 15:49