Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрестің бұрынғы үлгілерін жетілдіруге тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

 

 

Қызылқоға аудандық дене шынықтыру

және спорт бөлімінің бас маманы А.Аязбайқызы


Мақаланың шыққан күні: 29.11.2018 09:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.11.2018 09:56

Қаралым саны: 790