Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

Қазақстан Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады.

Биыл Қызылқоға ауданында сәбилерді балабақшаға электронды түрде кезекке қою қараша айында іске қосылған. Жобасының мақсаты — кезектің тазалығын қамтамасыз ету және жемқорлық фактісінің алдын алу. Электронды кезекте адам факторы болмайды.

«Бұл жүйе өте қолайлы, қолжетімді.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Ал ең бастысы — ашық жоба. Кез келген адам пайдалана алады. Адам факторы жоқ, бәрі автоматты түрде жүзеге асады.» Айта кетейік, http://garden.kyzylkoga.atyrau.gov.kz сайтында тек сәбилерді балабақшаға кезекке қойып қана қоймай, мекемелердің құжаттарын, бағдарлама және фотосуреттерін көруге болады. Бұған қоса жеңілдіктер мен балабақшалардағы бос орындар туралы ақпарат жазылған.

 

 

Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы А.Бағдаров


Мақаланың шыққан күні: 12.12.2018 16:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.12.2018 16:43

Қаралым саны: 4091