Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Ажигалиева Тойган Жалгасовна

Ажигалиева  Тойган Жалгасовна

Қатысушының аты-жөні:  Ажигалиева Тойган Жалгасовна

Жұмыс орыны: МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасы

Номинациясы: «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Қысқаша сипаттамасы: Тойган Ажигалиева еңбек жолын 1992 жылдан бастап ауылдағы балабақшаларда бірнеше жылдар бойы тәрбиеші қызметін атқарған. 2006 жылдан «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасында тәрбиешісі болып абыройлы еңбек етіп келеді. Тойган Жалгасовна ғұмырының жиырма жылын жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге арнаған. Осы еңбек жолдарында аудандық, облыстық әр түрлі сайыстарға, педагогикалық оқуларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Бірнеше тәрбиеленушілері Республикалық байқаулардан жүлделі орындарды иеленген.

Балаларға жан-жақты,тиянақты білім беріп, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке және шығармашылыққа тәрбиелейді. Айналысып жүрген шығармашылық жұмысының тақырыбы: «Көркем әдебиет арқылы балаларды еңбекке баулу». Педагогтың сан-сапалы, алуан қырлы ізденісі, біліктілгі, шеберлігі ұйымдастырылған оқу қызметінен көрінеді. Әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі шығармашылық жұмысына сай жаңа ақпараттық технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолданып, үнемі ізденіспен өткізеді. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаздық ету жолында жалықпай тер төгіп келе жатқан Тойган   Жалгасовна әлі де талай шәкіртінің санасына білімнен нәр беріп, болашақ өмірлеріне шуақ сыйлайтына сенімім мол.

Байланыс деректері: тел.: 8-775-076-47-11


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2019 15:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2019 17:06

Қаралым саны: 1917