Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Атырау қалалық қаржы бөлімінің сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында авторлық мақала

Атырау қалалық қаржы бөлімінде 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп және 2018 жылдың І, ІІ тоқсандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күнге Атырау қалалық қаржы бөлімінің Ережесіне сәйкес бөлім құрылымында 20 штат саны және 4 сектор: бюджет секторы, бухгалтерлік есеп және есептеу секторы, мемлекеттік сатып алу секторы және коммуналдық меншік секторы бар. Аталған секторлар нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

2017 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша бөлімнің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексі орналастырылды. Бөлімде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерлер жоқ. Сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған факті орын алған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің бөлімге тікелей Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ. Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына бөлім қызметшілері жеке табыс және мүлік салықтары бойынша есеп беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ. Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау мақсатында талдау жүргізу және тәуекелдерін жою бойынша 2017 жылдың 22 қараша күні Атырау қалалық барлық бөлімдер мен бағынысты мекемелердің қатысуымен мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар жөнінде Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті республикалық мемлекеттік мекемесімен практикалық семинар өткізілді.

Ал 2018 жыл бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс шара жоспарына сәйкес бөлімде іс-шара жоспары мен бөлімнің 2017 жылғы 3 қазандағы №42 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа

қарсы стандарттары дайындалып бекітілді. Аталған стандарт Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланды. Бөлімде ар-намыс кодексі нормалары, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұзу фактілеріне жол берген мемлекеттік қызметкерлер туралы ақпарат беру үшін 8(7122) 25-17-61 нөмерлі сенім телефоны жасап тұр. Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін бөлімнің кіре беріс бөлігінде және басшының қабылдау бөлімінде жадынамалар ілулі тұр.

Сонымен қатар бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатта қызметкерлер арасында жиналыстар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп тұрады. Атырау қалалық қаржы бөлімінде 2018 жылдың 26 қаңтарында сағат 10:00-де қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты бірыңғай сағат ұйымдастырылды. Бөлім қызметкерлерінің арасында Елбасының халыққа жолдауының 9-шы бағыты талқыланды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2018 жылға арналған бірлескен шаралар жоспарын орындау мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын түсіндіру үшін ұжым арасында дөңгелек үстел өткізілді. Жобаны қоғам арасында насихаттау үшін департаментпен жасақталған жадынамалар тұрақты түрде қоғам арасында таратылуда.

 

Бөлім басшысының

уақытша міндетін атқарушы А.Бекова


Мақаланың шыққан күні: 11.07.2018 07:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.07.2018 07:01

Қаралым саны: 1073