Array Автокөлік | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.05.2017

Қызметтер

Автокөлік

Атырау облысының маршрут желісі 72 тұрақты маршруттан тұрады (соның ішінде 34 қалаішілік, 18 облысішілік, 17 ауданішілік, 2 облысаралық және 1 халықаралық). Күні бүгінге 55 маршрут жұмыс атқаруда.

Қазіргі таңда облыс бойынша тұрақты жолаушы тасымалымен 12 мекеме айналысуда. («ЛаВаТранс» ЖШС, «Тенгизавтоколик» ЖШС, «Еділ мен Жайық» ЖШС, «Автостоянка-А» ЖШС, «АйсТрансХолдинг» ЖШС, «Атырау Такси» ЖШС, «Айдын и Ко» ЖШС, «Данияр и К» ЖШС, «АнуарбекТранс» ЖШС, «Баймуханов С» ЖК, «Кагазов Б» ЖК, «МамитовТранс Сервис» ЖШС).

Халықаралық «Атырау-Астрахань-Атырау» бағытына күнге екі рет (10.00-де және 21.00-де), облысаралық «Атырау-Орал-Атырау» бағытына күнге 4 рет ( 9.00-де, 12.30-да, 17.20-да, 20.00-де), «Атырау-Бейнеу» 1 рет (12.30-да), облысішілік «Атырау-Құлсары-Атырау» бағытына 6 рет (8.00, 10.00, 12.00, 14.00, 16.00, 18.00-де) қатынауда.

2013-2014 жылдары аралығында жолаушылардың жағдайын жақсарту мақсатында облысаралық «Атырау-Орал», «Атырау-Бейнеу» бағытына қызмет көрсететін «Лава-Транс» ЖШС-гі өз қаражаты есебінен қосымша 4 автобус сатып алды, ал 2015 жылы облысішілік «Атырау-Құлсары-Атырау» бағытына қосымша жаңадан лизингке 8 автобус алды.

Бүгінгі күнге облысаралық, облысішілік маршрутта

  • Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне,
  • І – топтағы соқыр жандар мен оларды алып жүруші адамдарға және бала кезінен мүгедек жандарға,

ал қалаішілік маршрут бойынша

  • Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерін, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, зағип жандарды,
  • I-II топ мүгедектерін және 17 жасқа дейінгі оқушыларды сабақ мезгілінде маршруттарда тегін жүргізіп отыр.

Сонымен қатар жасы жеткен зейнеткерлер мен ардагерлерге жолақы құнының 50% пайызын төлеуге және әлеуметтік қызметкерлер, сот орындаушылар, статистика басқарма қызметкерлеріне тегін жүру жеңілдіктері беріліп отыр.

 


 

Атырау облысы бойынша автобустардың жүру кестесі

Атырау облысы бойынша автобустардың жүру кестесі
Маршруттың атауы Елді- мекен аралығы  (км) Жүру кестесі Жүру жиілігі
1 2 3 4 5
1             Атырау-Уральск   540 06:00, 07:00,  09:00, 12:30,   16:00 күн сайын
2 Атырау-Бейнеу 425 12:30 күн сайын
3 Атырау-Астрахань 393,4 10:00,  21:00 күн сайын
4 Атырау-Караколь 297  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
5 Атырау-Миялы 360  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
6 Атырау-Тасшагыл 270  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
7 Атырау-Коныстану 296  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
8 Атырау-Карабау 290  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
9 Атырау-Аккистау 90  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
10 Атырау-Х.Ергалиев 64  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
11 Атырау-Забурын-Исатай 184  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
12 Атырау-Аккала-Индер 200  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
13 Атырау-Орлик 145  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
14 Атырау-Жарсуат 235  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
15 Атырау-Есбол 170  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
16 Атырау-Индер-Будене 210  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
17 Атырау-Елтай 180  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
18 Атырау-Жанбай 120  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
19 Атырау-Сартугай 70  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
20 Атырау-Махамбет 65  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
21 Атырау-Коктогай 135  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
22 Атырау-Махамбет-Актогай 80  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
23 Атырау-Кульсары 220         08-00,  10-00, 12-00, 14-00, 16-00, 18-00. күн сайын
24 Атырау-Макат 130  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
25 Атырау-Доссор 90  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын
26 Атырау-Ганюшкино 250  6.00- дан  - 19.00 дейін күн сайын

Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 14:55
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.09.2016 16:38