Array Автомобиль жолдары | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

Автомобиль жолдары

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары және көпір құрылыстары бойынша 2016 жылға жоспарланған жұмыстар жөнінде ақпарат

1. Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау» автомобиль жолының 123 шақырымын қайта жаңарту: Ағымдағы жылы жол негізінің 15,2 шақырымына асфальтты бетон жабындысын төсеу жұмыстары орындалды. Барлығы 38,2 шақырымына асфальтты бетон жабындысы төселіп, 21,8 шақырымына малтатасты құмды және қиыршықтас қабаттарын төсеу жұмыстары жүргізілген.

2. Махамбет ауданы Махамбет селосындағы Жайық өзені арқылы өтетін көпір құрылысы: Қазіргі таңда көпір құрылымдарының бетонды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

3. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу: Құрманғазы ауданында «Құрманғазы жолдары» ЖШС-мен, Қызылқоға ауданында «Жаңа арна» ЖШС-мен және қалған аудандар бойынша «Атырауинжстрой» ЖШС-мен жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жоспарға сай орындалуда.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 2016 жылға жоспарланған жұмыстар жөнінде ақпарат

  1. Махамбет ауданы бойынша:

1.1 Махамбет селосының селоішілік жолдарын(тротуар салумен) күрделі жөндеу: Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС-гі танылып, жол-құрылыс жұмыстары басталды

1.2 Сарайшық, Бейбарыс және Алмалы селоларының селоішілік жолдарын күрделі жөндеу:Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер өткізіліп, қазіргі таңда бір көзден сатып алу тәсілімен «Атырау-Көлік» ЖШС-гі тартылуда.

1.3 Мүгедектерге қызмет көрсетуге бейімделген мекемелер орналасқан жерлерге жол белгілерін және жол сілтегіштерін орнату. 107 жол белгісін орнатуға «DK NSS» жеке кәсіпкермен келісім шарт жасақталып, жұмыстар жүргізілуде.

1.4 Махамбет селосының селоішілік жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

  1. Индер ауданы бойынша:

2.1 Бөдене селосына кірме жолын ішкі көшелерімен күрделі жөндеу:Асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.

2.2 Жарсуат селосына кірме жолын ішкі көшелерімен күрделі жөндеу: Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

2.3 Құрылыс селосына кірме жолын ішкі көшелерімен күрделі жөндеу: Асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.

2.4 Индербор поселкесіне кірме жолын ішкі көшелерімен күрделі жөндеу: Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Атырауинжстрой» ЖШС-гі танылды. Күрделі жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.

2.5 Индер ауданы Аққала ауылының кірме жолын және ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

2.6 Индер ауданы Ынтымақ ауылының кірме жолын және ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

2.7 Индербор поселкесінің кентішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

  1. Исатай ауданы бойынша:

3.1 Жаңа Жанбай селосына кірме жолды қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобалаушы мекеме «Шыңдау» ЖШС-і танылды.

3.2 Аққыстау селосының темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобалаушы мекеме «Казэкология жобалау» ЖШС-і танылды.

3.3 Зинеден селосына кірме жолды қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобалаушы мекеме «ЭЛМ» ЖШС-і танылды.

3.4 Аққыстау селосының селоішілік жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау (ІІ этап): Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

3.5 Х.Ерғалиев селосының селоішілік жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау (ІІ этап): Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

  1. Құрманғазы ауданы бойынша:

4.1 "Кудряшов-Жаңа аул-Арна" автомобиль жолын орталық көшесімен қоса қайта жаңғырту: Конкурс қорытындысы бойынша «ҚостанайДорстрой» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылып, келісім шарт жасақталды.

4.2 Кіші Ганюшкино-Кіші Красиловка, Безымянный-Ягодная (Жапырық), Иманов-Алға елді мекендерін жалғайтын жаяу жүргінші көпірлері құрылысын салу:

Жобалаушы мекеме-«Полиграмм» ЖШС-і. Кіші Ганюшкино-Кіші Красиловка көпірінің мердігері «Ерасыл құрылыс» ЖШС-мен келісім шарт жасақталған, қалған екі көпірдің мердігерін анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

4.3 Жұмекен селосының селоішілік жолдарын күрделі жөндеу: Конкурстық рәсімдер нәтижесінде бір көзден сатып алу тәсілімен «Атырауинжстрой» ЖШС-гі танылып, келісім шарт жасақталды.

4.4 Облыстық маңызы бар «Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяевка» 0-29 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін мердігер жобалаушыны анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

4.5 «Котяевка-Шортанбай» автомобиль жолын және Шортанбай ауылының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін мердігер жобалаушыны анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

4.6 «Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4-разъезд-Қиғаш» автомобиль жолын қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін мердігер жобалаушыны анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

4.7 Жыланды-Жасталап ауылдарына кірме жолдарын қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін мердігер жобалаушыны анықтау мақсатында конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

4.8 Ганюшкино селосының селоішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

4.9 Ақкөл селосының селоішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

4.10 Сафон селосына кірме жолы мен селоішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

4.11 Утера селосына кірме жолы мен селоішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

4.12 Котяевка селосына кірме жолы мен селоішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

4.13 Теңіз селосына кірме жолы мен селоішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

  1. Мақат ауданы бойынша:

5.1 Мақат поселкесінің кентішілік жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

  1. Жылыой ауданы бойынша:

6.1 Құлсары қаласының ішкі жолдарын қайта жаңғырту: 17 шақырым жолға асфальт төселді.

6.2 Шоқпартоғай селосына кірме жолын орталық көшесімен қоса күрделі жөндеу: Асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

6.3 «Құлсары-Аққиізтоғай» автомобиль жолын күрделі жөндеу: Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз болып мердігер мекеме «Атырау көлік» ЖШС-і танылды. Нысанда жол-құрылыс жұмыстары жалғасуда.

6.4 Қарағай селосына және №24 мектепке кірме жолды күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау:Конкурс қорытындысы нәтижесінде бір көзден сатып алу тәсілімен жеңімпаз болып жобалаушы мекеме «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС-і танылды.

6.5 Мүгедектерге қызмет көрсетуге бейімделген мекемелер орналасқан жерлерге жол белгілерін және жол сілтегіштерін орнату. 55 жол белгісін орнату жоспарланған.

6.6 Жаңа Қаратон поселкесінің кентішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

6.7 Құлсары қаласының қалаішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

6.8 Құлсары қаласындағы Нұрманов және Сариев көшелерін қосатын Құрсай өзегі арқылы өтетін көпір өткелін салуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

  1. Қызылқоға ауданы бойынша:

7.1 Мүгедектерге қызмет көрсетуге бейімделген мекемелер орналасқан жерлерге жол белгілерін және жол сілтегіштерін орнату. 45 жол белгісін орнатуға «Евразия» жеке кәсіпкерімен келісім шарт жасақталып, жұмыстар жүргізілуде.

7.2 Мұқыр селосына кірме жолын және ауылішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

7.3 Сағыз селосына кірме жолын және ауылішілік жолдарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау: Жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға конкурстық құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Атырау облысы Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы бойынша жүзеге асырылып жатырған нысандар бойынша ақпарат

2014 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен «Қазақстан Республикасының көлiк жүйесi инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейiнгi» мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлдi.

Осы бағдарламаны iске асыру мақсатында облыс көлемiнде республикалық трансферт және облыстық бюджет қаражаты есебiнен көптеген ауқымды жобалар жоспарланып, жүзеге асырылуда . Атап айтқанда:

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен бөлiнген қаражатқа облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының ұзындығы 123 шақырым «Қарабау-Миялы» аралығына (80-203 шақырым участкесi) қайта жаңарту жұмыстары жоспарға сай жүргiзiлуде.

Жылыой ауданындағы ұзындығы 7,2 шақырым Тұрғызба селосына, Махамбет ауданындағы ұзындығы 9 шақырым Бейбарыс селосына кiрме жолдарына күрделi жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдаланымға берiлдi.

Облыстық маңызы бар, жалпы ұзындығы 47 шақырым «Ганюшкино-Приморье-Утеры-Котяевка» автомобиль жолының ұзындығы 18 шақырым «Утеры-Котяевка» аралығын күрделi жөндеу жұмыстары орындалуда.

Облыстық бюджет есебiнен жөндеу жұмыстары 2013 жылы басталған ұзындығы 170 шақырым облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» автомобиль жолының 140 шақырымға жуығы күрделi жөнделiп, жол-құрылыс жұмыстарын аяқтау 2015 жылға жоспарланып отыр.

Исатай ауданындағы ұзындығы 11 шақырым Тұщықұдық және 4,6 шақырым Х. Ерғалиев селоларының селоiшiлiк жолдарына күрделi жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берiлдi.

Ағымдағы жылы Мақат ауданындағы ұзындығы 10 шақырым Бәйгетөбе мен ПМС селоларының және жалпы ұзындығы 26,1 шақырым Махамбет ауданындағы Сарайшық, Алға, Ортақшыл, Есбол, Жалғансай селоларының кiрме жолдарымен қоса селоiшiлiк жолдары күрделi жөнделуде.

Сондай ақ, Құрманғазы ауданындағы ұзындығы 8,8 шақырым «Даулеткерей-Алға» автомобиль жолына, Жылыой ауданындағы 12 шақырым Шоқпартоғай селосына кiрме жолына және Индер ауданындағы жалпы ұзындығы 16 шақырым Бөдене, Жарсуат, Құрылыс селоларының кiрме жолдарымен қоса орталық көшелерiне күрделi жөндеу жұмыстары қолға алынады.

Бағдарлама аясында Атырау қаласында 28, аудандық елдi мекендерде 15 такси тұрақтарын салынып, пайдаланымға берiлдi.

Кiшi авиацияны дамыту мақсатында Қызылқоға, Құрманғазы және Жылыой аудандарынан аэдромдар құрылысын салуға техника-экономикалық негiздемелерi жасақталуда.

Сонымен қатар, көлiк инфрақұрылымын дамытып, көлiк козғалысы мен жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы облыстық бюджет есебiнен Махамбет ауданы Махамбет селосындағы Жайық өзенi арқылы өтетiн көпiр өткелiнiң және Қызылқоға ауданы Сағыз селосындағы темiр жолдар арқылы өтетiн жаяу жүргiншiлер өткелiнiң құрылыстары басталды.

Көлiк инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жүзеге асырылып жатырған жобалардағы жұмыс сапалары басқарма мамандары, техникалық қадағалаушылар мен «Атыраужолзертханасы» мемлекеттiк мекемесi мамандары тарапынан қатаң қадағаланып отыр.

Көзделген жұмыстардың iске асырылуы тұрғындардың әлеуметтiк жағдайын бiрқатар жақсарта отырып, көлiк инфрақұрылымының дамуына зор ықпалын тигiзуде және алдағы уақытта да жұмыстарды өз дәрежесiнде жалғастыру жоспарланып отыр.

Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 15:07
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.09.2016 11:28