Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

Аукцион

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 48 бабы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларына» сәйкес 2017 жылғы 14 желтоқсан сағат 11.00-де кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері бойынша Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі,1 мекен жайы бойынша аудан әкімдігінің әкімшілік ғимараты, кіші мәжіліс залында аукцион нысанында сауда-саттық өткізілді.

Аукцион өткізу әдісі: ағылшындық.

Аукционға жалпы ауданы 3,144 гектарды құрайтын 17 жер учаскесінің жалдау құқығы сатуға шығарылды. Оның ішінде:

Доссор кентінен 2 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салу үшін жалпы ауданы 2,144 гектарды құрайтын 16 жер учаскесінің жалдау құқығы;

Мақат ауданы жер қорынан Мақат-Доссор автокөлік жолы бойынан үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін ауданы 1,0 гектарды құрайтын 1 жер учаскесінің жалдау құқығы.

Аукцион қорытындысымен жалпы ауданы 3,144 гектарды құрайтын 17 жер учаскесінің жалға алу құқығы 1 846 336 (бір миллион сегіз жүз қырық алты мың үш жүз отыз алты) теңгеге сатылды.

Жер учаскелері 5 және 6 жыл мерзімге уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығымен табысталды.


Мақаланың шыққан күні: 27.12.2017 04:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.02.2019 20:51

Қаралым саны: 1292