Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Сафон ауылдық округі әкім аппараты мемлекеттік мекемесі, Safon_akimat@mail.ru  Сафон ауылы, Азаттық көшесі №35, 87123333480,87123333421

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 224 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес мекеменің штатық саны – бірлікті құрайды, онын нақты саны -5 бірлік. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі года №39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-41 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы»

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2. Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру;

2019 жылдың І жартыжылдығында шыққан өкім саны- 47, шешім саны -15. Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылған, көрсетілген мемлекеттік қызметтерден уақытынан кешіктіріліп орындалғаны жоқ.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 2019 жылдың І жартыжылдығы жағдайы бойынша - 10 өтініш келіп түсіп, 2 тұлғаның өтініштері қанағаттандырылып, 5 тұлғаның өтініштері түсіндірілді, 3 тұлғаның өтініші қаралуда. Заңды тұлғалардан түскен өтініш саны -4, оның 4- түсінік жұмыстары ұйымдастырылды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-34-80 сенім телефоны орнатылған.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара берсе -жазаланасын», атты жадынамалар күні бүгін көрнекі жерде ілініп тұр.

2019 жылдың 11 сәуірде Сафон ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері ұйымдастыруымен «Қоғамдық бақылау қартасы» тақырыбында Ф.Энгельс жалпы орта мектебінің акт залында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігімен өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік санасын қалыптастыру мақсатында ауыл жастары, мектеп оқушылары қатысуымен 2019 жылдың 6 маусымында ауылдық Ф.Энгельс орта мектебінде аудандық «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды және нәтижесі әлеуметтік желіге жарияланды.

2019 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылған. Барлық қызметкерлер белгіленген мерзімде декларация тапсырды. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат түсіндірілді. Аудан бойынша 2019 жылғы арналған Медиа-жоспарға сәйкес округ бойынша аудандық «Serper» қоғамдық-саяси газетінің 2019 жылғы 25 маусымдағы №25 нөмеріне «Жауапкершілікті жете сезінеміз» атты мақала жарияланды.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын факторы айқындалмады.

Мекеме жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 16.08.2019 17:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.08.2019 17:35

Қаралым саны: 328