Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 224 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес мекеменің штатық саны – бірлікті құрайды, онын нақты саны -5 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына –1 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі года №39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-41 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы»

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»;

2. Жалпы білім беру ұйымдарына жәнге кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы ағықтама беру;

2018 жылдың І жартыжылдығында жалпы саны- 2 мемлекеттік қызметттер түрі көрсетілген. 2018 жылдың І жартыжылдығында шыққан өкім саны-36, шешім саны -17. Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылған, көрсетілген мемелкеттік қызметтерден уақытынан кешіктіріліп орындалғаны жоқ.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 2018 жылдың І жартыжылдығы жағдайы бойынша - 21 өтініш келіп түсіп, 9 тұлғаның өтініштері қанағаттандырылып, 11 тұлғаның өтініштері түсіндірілді, 1 тұлғаның өтініші қаралуда. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-34-80 сенім телефоны орнатылған.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара берсе -жазаланасын», атты жадынамалар ілінді.Сонымен қатар ауылдық округ орталығында «Парасыз қоғам–ұлт болашағы» билборд ілінулі. 2018 жылдың 11 сәуірде Сафон ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері ұйымдастыруымен «Қоғамдық бақылау қартасы» тақырыбында Ф.Энгельс жалпы орта мектебінің акт залында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. 2018 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау жүзеге

асырылған. Барлық қызметкерлер белгіленген мерзімде декларация тапсырды. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат түсіндірілді.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын факторы айқындалмады.

Мекеме жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 05:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 05:36

Қаралым саны: 915