Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Атырау қалалық емхана»

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған конкурстық комиссия Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Атырау қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесі мүшелігіне іріктеу жариялайды.

Конкурс 2019 жылғы 26 желтоқсан сағат 18.00-де Атырау облысы, Атырау қаласы, Владимирский көшесі, 22Б, Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығы ғимараты, №115 кабинетте өткізіледі.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Атырау қалалық емхана» КМК-ның орналасқан орны және пошталық мекен-жайы: индекс 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы,196, телефон: 8 (7122) 20-13-20.

«№1 Атырау қалалық емхана» КМК-ның басты негізгі қызметі болып мемлекеттік лицензия мен оның қосымшаларына сәйкес амбулаторлық-емханалық және стационар алмастыратын көмек көрсету табылады.

Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.

Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күннен кейін жұмыс күндері қабылданады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2019 жылғы 25 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін комиссияға Атырау облысы, Атырау қаласы, Владимирский көшесі, 22Б, Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығы ғимараты, №106 бөлмеге келесі құжаттарды тапсыру керек:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған); 4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Конкурстық ұсыным салынған конверт Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сай мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан дайындалуы тиіс.

Қосымша ақпараттарды мына телефондар бойынша білуге болады: 8 (7122) 20-13-07, 20-13-20


Мақаланың шыққан күні: 26.11.2019 18:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.12.2019 15:19

Қаралым саны: 399