Array Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы» ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы» ақпарат

 

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылдың 17 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы» тақырыбында оқулар өткізіліп, дәрістер оқылды. Сонымен қатар, басқарма жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Комиссия құрылып, Ережесі бекітілді. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.
«Атырау облысы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары» орындалуы мен сақталуы басқарманың ұдайы назарында ұсталып келеді.
Мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет этикасының қағидалары Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында сақталуын қадағалау үшін арнайы бақылау кітабы ашылды. Сонымен қатар, Тіл басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық жайлары орын алған жағдайда көрсетілген сенім телефоны жұмыс жасайтындығы туралы 2015 жылғы 10 қаңтарда, 2 сәуірде, 11 шілде, 8 қазанда сенім телефондары туралы облыстық «Атырау» газетінде жарияланғанын хабарлайды.
ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын талқылауға құқықтық оқыту өткізіліп, веб-сайтта жарияланды.
Тоқсан сайын облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды қабылдау өткізілетіндігі туралы кесте бекітіліп, облыстық басылымдарға мемлекеттік және ресми тілдерде жарияланды және оған келушілер болған жоқ.
Басқармадағы сенім телефоны және арыз-шағымдар жәшігі орналастырылды. Басқармада мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өткізілуде.

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 12:50
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 12:50