Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.10.2020

Қызметтер

Атырау - адалдық алаңы

Атырау - адалдық алаңы

Атырауда «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Құрметті Атырау облысының тұрғындары және қонақтары!

Өңірімізде «Атырау-адалдық алаңы» жобасы өз қызметін бастап кетті.

Жобаның көздеген үш айқын мақсаты бар:

Олар:

  1. Өңіріміздегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту;
  2. Жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру;
  3. Атырау облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту.

Осыған байланысты, жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құру мақсатында Атырау өңірінің тұрғындарын және аталған дертке бей-жай қарамайтын белсенді азаматтарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырады.

«Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тұрмыстық жемқорлықты жою мен азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында тұрғындардан келесі салалар бойынша ұсыныстар мен пікірлер қабылдайды:

  • Білім беру саласы;
  • Денсаулық сақтау саласы;
  • Әлеуметтік қамсыздандыру саласы;
  • Сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы;
  • Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары салалары;
  • Мемлекеттік кіріс органдары саласы;
  • Сот және құқық қорғау органдары салалары;
  • Балық шаруашылығы.

Барлық ұсыныстарыңызды «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің adal_atyrau@bk.ru электрондық мекен-жайына жолдауыңызға болады.

Сонымен қатар,мемлекеттік қызмет алу барысында Сіздің құқығыңыздың бұзылу фактілері мен мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда +77026922652 (whatsapp), нөмірлеріне ескертулеріңізді жолдауыңызға болады.

Бұдан басқа, жобалық кеңсе Facebook («Атырау–адалдық алаңы») және Instagram(@atyray_adaldyq_alany) секілді әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жасап, жаңалықтарымен бөлісіп отырады. Аталған парақшаларға тіркелуге шақырамыз.

Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Қулманова көшесі, 113  «Жерұйық» бизнес орталығы 4 қабат 2.

Кеңсенің жұмыс уақыты: 9:00-13:00 // 14:30-18:00 (жұмыс күндері).

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.09.2020 16:17

Қаралым саны: 3436