Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.06.2018

Қызметтер

Аудан әкімінің аппараты

Аппарат акимаӨМІРБАЯН

Сүйеуова Гүлнұр Жалғасқызы 1976 жылдың 4 желтоқсанында Атырау (Гурьев) облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Университетінің химия-биология пәні мұғалімі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1997 жылы Индер ауданы, Кулагино селосы, Жамбыл орта мектебінде биология және география пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 1998-1999 жылдары Ақтау қаласының №17 мектебінде мұғалім, 2000-2003 жылдары-Индербор кенті, М.Әуезов орта мектебінде – лаборант, мұғалім, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, 2003-2008 жылдары Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде – бас маман, 2008-2009 жылдары – аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, 2009 – 2011 жылдары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары. 2011 жылдың маусым айынан бастап аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрмен жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылдың қазанынан аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 
Индер ауданы әкімінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі өкімімен Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.


Аппарат акимаӨМІРБАЯН

Мұратова Бақытгүл Мұратқызы 1977 жылы 11 қазанда Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келді. Ұлты қазақ. 1984 жылы М.Әуезов атындағы орта мектеке қабылданып, 1994 жылы бітірді. Білімі жоғары.1994 жылы Атырау қаласында орналасқан Современный Гуманитарный Университетке оқуға түсіп, 1998 жылы бакалавр «Экономики» мамандығы бойынша бітірді.

2000 жылы «Атырау-Жарық» ЖШС-де бухгалтерлік қызмет атқарды.

2001-2004 жылдары аудандық қаржы бөлімінде табыстарды болжау және талдау бойынша бас маман; 2004-2006 жылдары аудандық экономика және қаржы бөлімінде бюджетті жоспарлау жөніндегі бас маман; 2006 -2012 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бюджеттік болжамдау, жоспарлау, талдау жөніндегі бас маман; 2015 жылдың мамыр-қараша айларында аудандық экономика және қаржы бөлімінде экономист; 2015 жылдың қараша 2016 жылдың желтоқсан айларында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде –жұмыспен қамту саласының бас маманы;

2017 жылдың қаңтар айында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азамттық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі. 2017 жылдың ақпан айынан бастап бөлім басшысының міндетін атқарушы. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Индер ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы


Аппарат акима

ӨМІРБАЯН

Аймұратов Асхат Саламатұлы – 1987 жылы Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі – жоғары.

2009 жылы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008-2009 жылдары Индер аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор қызметінен бастаған. 2009-2012 жылдары «ТуранСтройСервис» ЖШС-де стропальщик, 2012-2017 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратында инспектор, мемлекеттік құқық және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Отбасылы.


Аппарат акимаӨМІРБАЯН

Сариев Дулатбай Абатұлы 1980 жылы 24 желтоқсанда Атырау (Гурьев) облысы, Индер ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген.  Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары, 2003 жылы Орал қаласындағы Қазақстандық экономика және құқық институтын  заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын  2005 жылы Индер аудандық сотында жетекші маман болып бастаған. 2009 жылы - Индер аудандық емханасында заңгер, 2010 жылдың ақпан-мамыр айларында Атырау облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы, 2010 жылдың маусым- тамыз айларында Көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің жетекші маманы, 2010-2011жылдары Махамбет аудандық сотының бас маманы, 2013-2014 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, 2014 жылдың ақпанынан Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Отбасылы.


Аппарат акимаӨМІРБАЯН

Сағынғалиев Нұрасыл Құрақұлы – 1992 жылы 12 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңгер қызметінен бастаған. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап 2014 жылдың тамыз айына дейін «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңгер-кеңесші, 2014 жылдың тамыз айынан бастап 2015 жылдың қараша айына дейін «Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңгер, 2015 жылдың қараша айынан бастап Индер ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маман-заңгері қызметтерін атқарған. Отбасылы


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 11:42
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.03.2018 17:01