Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.12.2017

Қызметтер

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты

Кайрекешева Орынша Максотовна

Жалғансай ауылдық округі әкімі: Кайрекешева Орынша Мақсотқызы

Қызмет телефоны: 8 (71236) 2-40-01

Электрондық поштасы: Zhalgansai@mail.ru

Қабылдау кестесі:

Фамилиясы, аты, әкесінің Қызметі Қабылдау күндері Қызмет телефоны
Кайрекешева Орынша Мақсотқызы Ауылдық округі әкімі Әр аптаныңсейсенбі 900-1200бейсенбі 1400-1800 8(71236) 2-40-01

 

Ауылдық округі әкімінің қысқаша өмірбаяны

1963 жылы 21 қазанда Гурьев облысы , Махамбет ауданы, Сарытоғай селосында туған.

Білімі-жоғары,Атырау Педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы – мұғалім. 1984 жылдан -1999 жыл аралығында Махамбет орта мектебінде аға пионер вожатый, 1987 жылдан- 1992 жыл аралығында аудандық Пионерлер үйінің директоры, 1992 жыл 3 ай уақытша Сарытоғай селолық Кеңесінде әскери есеп столының инспекторы, Сарытоғай селолық Кеңесі төрағасының уақытша орынбасары, 1993 жылдан- 2000 жыл аралығында осы мекемеде іс жүргізуші, 2000 жылдан 2002 жылға дейін Сарытоғай селолық округі әкімі аппаратының маманы, 2002-2005 жылдар аралығында Махамбет ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, ауысу тәртібі бойынша Махамбет ауданы әкімі аппараты кеңсе бөлімінің бастығы, Махамбет ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бастығы- кеңсе меңгерушісі, 2005 жылы Сарытоғай селолық округінің әкімі, 2012 жылдан 2013 жыл аралығында Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2013 жылдың тамыз айынан 2016 жыл аралығында сайлану тәртібімен Ақтоғай ауылдық округінің әкімі, 2016 жылдың мамыр – қыркүйек айлары аралығында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2016 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың наурызына дейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы. 2017 жылдың наурызынан күні бүгінге дейін Жалғансай ауылдық округінің әкімі.1 баласы бар.

 

 

Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

 

Садиқов Кенжебай ЖылқыбайұлыСадиқов Кенжебай Жылқыбайұлы

Қызмет телефоны: 8 (71236) 2-41-57

Электрондық поштасы: Zhalgansai @mail.ru

 

 

 

 

 

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі:

Жумагазиева Перизат БауржановнаЖумагазиева Перизат Бауржановна

Қызмет телефоны: 8 (71236) 2-40-02

Электрондық поштасы: Zhalgansai @mail.ru

 

 

 

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы:

Балатаева Мадина Икемгалиевна

Балатаева Мадина Икемгалиевна

Қызмет телефоны: 8 (71236) 2-41-57

Электрондық поштасы: Zhalgansai @mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының ережесі

Жалпы ережелер

1. Махамбет ауданы «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен Жалғансай ауылдық округі әкімімен ресімделетін шешімдер мен өкімдерді қабылдайды.

7. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылы, Өтемісов көшесі, №1.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

12. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Жалғансай ауылы әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемеcінің миссиясы: тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен байланысып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

14. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері ауылдық округ әкімінің қызметін ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

15. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің атқаратын міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, Конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан және округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;

3)ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырады;

4) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар дайындайды;

5) мемлекеттік органның жұмысына объективті талдау жасайды, ауылдық округ әкімнің қатысуымен шешімді қажет ететін маңызды мәселелерді анықтайды;

6) заң және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті бекітуге көмектеседі;

7) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды, оларды қабылдауды ұйымдастырады;

8) мемлекеттік және орыс тілдерін дұрыс қолдануға бағытталған шараларды, іс жүргізу ережелерінің сақталуын, мемлекеттік орган жұмысының тәсілдері мен әдістерін жақсартуды жүзеге асырады.

16. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекеменің құқығы мен міндеттері:

1) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

2) мемлекеттік көліктерді, байланыс жүйелері мен коммуникацияларды пайдалану;
3) мамандарды жұмысқа тарту, оның ішінде құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін шарт негізінде;

4) мемлекеттік билік органдары қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу;

5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек шартының, олармен шығарылған актілердің талаптарын сақтау;

6) қызметшілерді кәсіби дайындау және қайта дайындау және біліктіліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округі әкімі жүзеге асырады.

18.Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы Ережесіне сәйкес лауазымға сайланады, өкілеттілігі тоқтатылады және лауазымынан босатылады.

19.Ауылдық округінің әкімі:

1) мемлекеттік орган мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес ауылдық округ аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;

3)мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарда ауылдық округі әкімі аппаратының мүддесіне өкілдік етеді;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған, шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауапкершілік атқарады;

5) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына және өзге де заңдарға сәйкес өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

20. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында мүлкі болуы мүмкін.

«Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ауылдық округі әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

23. «Жалғансай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 11:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.05.2017 11:42