Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Сарайшық ауылдық округі әкімі аппараты

Округ әкімі

Мастекова Алмажай Айсағалиқызы

(20 қазан 1955 ж.т.)


 

Сарайшық ауылдық округі 1932 жылы құрылған. Округ аумағында Сарайшық, Ескі Сарайшық ауылдары орналасқан. Округ орталығы Сарайшық ауылы аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жалпы аумағы 64 949 гектар. Халқының саны – 2 937.

Әлеуметтік нысандар: 1 мектеп, 1 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 (1 дәрігерлік емхана және 1 мед,пункт) денсаулық сақтау мекемесі, 2 су тазарту ғимараты жұмыс жасайды.

Сондай-ақ округ аумағында «Хан ордалы Сарайшық» мұражайы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі, Сарайшық психиатриялық жүйке аурулар интернаты және туризм бағытындағы «АтырауАгроӨнімдері» демалыс орны орналасқан.

Ауылшаруашылығында «Асыл тұқымды «Сарайшық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 21 шаруа қожалығы еңбек етеді.

2016 жылдың 5 ай қорытындысымен ауылда мүйізді ірі қара – 895, қой- ешкі – 2906, жылқы – 128, түйе – 115 басты құрады.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 11:59
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 16:10