Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.07.2018

Қызметтер

Алға ауылдық округі әкімі аппараты

Аппарат акима Алгинского сельского округаАлға ауылдық округі әкімінің қысқаша өмірбаяны

Абдешев Ғабиден Сәуірбайұлы, 1956 жылы 15 желтоқсанда Махамбет ауданы, Алға селосында дүниеге келді. 1963-1973 жылдары Алға орта мектебінде оқып, орта білім алғаннан кейін Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітіріп, тарих және қоғам тану пәні мұғалімі мамандығын алып шықты.

1977-1978 жылдары Сарайшық селосындағы №91 кәсіптік-техникалық училищеде мұғалім болып еңбек жолымды бастады. 1978 жылы жанұя жағдайына байланысты Алға орта мектебіне мұғалімдік жұмысқа ауысты.

1986-1988 жылдары Махамбет ауданы Қызыл үй орта мектебінің директорлық қызметіне тағайындалып, Ақжайық селосында еңбек етті.

1988 жылы жанұя жағдайыма байланысты Алға орта мектебіне ауысып, 1995 жылға дейін мұғалім, мектеп жанындағы интернат меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1995 жылы қазанда Алға орта мектебінің директор қызметіне тағайындалды. КСРО Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиевтің орнын басып, мектептің жақсы атағын одан әрі биіктетіп, мектеп басқару ісінде толымды табыстарға қол жеткізді. Мектеп 2001 және 2003 жылдары «Мектеп жергілікті қауымдастықтағы орталық» бағдарламасы бойынша «Сорос -Қазақстан» қорының екі рет грантын жеңіп алды.

2001 жылы облыстық білім беру департаментінің құрмет грамотасына, 2006 жылы Алғыс хатына ие болды.

1999 жылы аудандық маслихатқа депутат болып сайланды.

2002 жылы қарашада Махамбет аудандық білім бөлімінің бастығы

қызметіне тағайындалып, 2003 жылы ақпанында Алға селолық округі әкімі қызметіне ауыстырылды.

2003 жылы шілде айынан бері Алға орта мектебінің директоры , 2017 жылдың 16 тамызынан ауылдық округ әкімі. Жанұялы.3 баласы бар.

 

Алға ауылдық округі әкімі: Әбдешев Ғабиден Сәуірайұлы

Қызмет телефоны: 87(1236) 2-75-51

Электрондықпоштасы: alga.akumat @mail.ru

Қабылдау кестесі:

Фамилиясы, аты, әкесінің

Қызметі

Қабылдау күндері

Қызмет телефоны

Әбдешев Ғабиден Сәуірбайұлы

Округ әкімі

 

Әр аптаның

Дүйсенбі 1600-1800

Сейсенбі 1600-1800

Бейсенбі 1600-1800

8(71236)

2-75- 51


Алға ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы

Ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы:

Сапарова Гулзада

Қызмет телефоны: 87(1236) 2-75-70 Электрондық поштасы: alga.akumat @mail.ru

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі:

Сапарова Қаламқас Жулдизовна

Қызмет телефоны: 87(1236) 2-76-54 Электрондық поштасы: alga.akumat @mail.ru

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

Мусин Расул Тулегенович

Қызмет телефоны: 87(1236) 2-75-70 Электрондықпоштасы: alga.akumat @mail.ru

 

Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы:

Нұрғожа Гүлнар Хасанқызы

Қызмет телефоны: 87(1236) 2-75-70 Электрондықпоштасы: alga.akumat @mail.ru


Алға ауылдық округі әкімінің аппараты туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

 

1. Алға ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

 2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. Ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.

7. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы: индексі 060703, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға ауылы, Орталық көшесі, №9.

8. Ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

 

  1. Ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

11. Міндеттер:

Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

12. Функциялар:

1) Ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

Жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге

тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

2) Ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

 шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

 мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

 аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

шарттар, келісімдер жасасуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

14. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

3. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

15. Әкімнің аппаратын әкім басқарады.

16. Әкімнің өкілеттіктері:

әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.

18. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

19. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

 

4. Ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі

20. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында