Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Атырау қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

Қалалық кәсіпкерлік және
туризм бөлім басшысының
2017 жылғы «_02_»_қазан_
№_27_ бұйрығымен бекітілген

 

 

Атырау қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Атырау қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі-мемлекеттік қызметшілер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік және моральдық мінез-құлық жүйесін құруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдар беруге бағытталған.

2. Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілерге күнделікті қызметінде төмендегілер жүктеледі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатына адал болу және оны дәйекті түрде қолдану;

2) Қазақстан Республикасы Конститутцияның талаптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік құқықтық актілерін қатаң сақтау;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау және сақтау, сондай-ақ азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

4) қоғам мен мемлекет мүддесі үшін өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайту, мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу;

5) қызметтік міндеттерді атқару кезінде жеке қызығушылыққа және сыбайлас жемқорлыққа жол беру, қандай-да бір сыйлық алу, мүдделер қақтығысының туындағаны туралы тікелей басшысына баяндау;

6) әріптестері мен басшыларына белгіленген заңнама тәртібін бұза отырып, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ететін заңсыз өтініштер жасау;

7) әріптестеріне, басшыларына және өзге лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйлауға және қабылдауға жол бермеу;

8) жариялауға жатпайтын ақпаратты жеке басы үшін пайдалану және мұндай ақпаратты басқа мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында таратпау;

9) жақын туыстық қатынастар (ата-анасы, жұбайы, ағалары, апалары, балалары) тікелей бағынышты болатын және есеп беретіндей қызметтік лауазымға тағайындаудан бас тарту;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды ашу және оған қарсы тұруда белсенділік таныту;

11) белгілі болған істерді қарау барысын тездету немесе тым кешеуілдету фактілерін басшылығына дереу баяндау;

12) әріптестерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді және жоғары құқықтық мәдениетті талап ету;

13) кез келген тұлғаға кәсіпкерлік және басқа да қызмет көрсетуге жәрдемдесуден бас тарту;

14) үшінші тұлғалардың мүдделеріне қатысты іс-әрекеттер жасаудан бас тарту.

15) туыстық, жерлестік және жеке басына берілу белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыруға жол бермеу, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

16) жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттігін және онымен байланысты мумкіндіктерді пайдаланбау;

17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықты ашуға белсенділік таныту;

3. «Атырау қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі » ММ заңды және жеке тұлғаларға тексерулер ұйымдастыру құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметшілерге төмендегілер ұсынылады:

1) тексеруді жеке мүддесі немесе үшінші жақтың мүддесі үшін жүргізуге жол бермеу;

2) тексерілетін субьектілерге заңсыз талаптар қоймау, тексеру нысанына жатпайтын өтініштер жасамау;

3) тексерілетін субьектіге тексеру нысанына қатысты қажетті ақпаратты ұсыну;

4) тексерілетін субьектілерден тексеру нысанына жатпайтын құжаттарды талап етпеу;

4. Ұйымдастыру, кадр жұмысы бойынша іріктеу және орналастыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің басшыларына төмендегілер ұсынылады;

1) меритократия қағидатын басшылыққа алу;

2) тағайындау материалдары уақытының сақталуын және белгіленген қарау мерзімін сақтау;

3) мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде негізгі міндеттері, мен шектеулер туралы түсіндіру.

4) өзінің және зайыбының (жұбайының) табыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы толық ақпарат ұсыну.

5. «Атырау қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ - нің нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындау құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметшілерге төмендегілер ұсынылады:

1) нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау мен талқылауда қоғамның, бүкіл ақпараттық құралдардың міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;

2) әзірленген нормативтік құқықтық актілер жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберуге дейін көпшілікпен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталға орналастыру;

3) сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормативтік құқықтық актілер нормаларын пайдаланбау.

6. Тіршілік әрекеті саласына байланысты пайда болған басқа да өзара қатынас барысында:

1) бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілеу;

2) бағыныштағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;

3) олардың әрекеттерінің нәтижелерін бағалау барысында, сондай-ақ мадақтау және жаза қолдану кезінде шындық және әділдік таныту,

4) бағынышты жұмыскерді орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу;

5) олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермеу;

6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында бағыныштылардың әрекеттеріне әсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

7) бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемеу;

8) өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды өз уақытында кабылдау;

9) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, мүлікті қызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдалану.

7. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қасақана дәйексіз табыс етпеу немесе толық емес мәліметтер беру мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болады.

8. Бөлім басшысы өз бағынысындағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасамауына және олардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жай-күйіне тікелей жауапты болады.

9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауапкершілік басшының шешімімен белгіленеді.

 


Мақаланың шыққан күні:: 10.10.2017 02:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.10.2017 02:11