Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Жылыой ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

Жылыой ауданы әкімі аппаратының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандартын бекіту туралы

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Жылыой ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) бекітілсін.

2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне Стандартты ресми интернет-ресурсқа орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жүктелсін.

3. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) Стандарттың сақталуын қамтамасыз ету және қызметшілерді таныстыру тапсырылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ә.Шәкіров

 

 

Жылыой ауданы әкімі
аппараты басшысының
2017 жылғы «___» __________
№______ бұйрығына қосымша

 

Жылыой ауданы әкімі
аппараты басшысының
2017 жылғы «___» __________
№______ бұйрығымен
бекітілген

 

Жылыой ауданы әкімі аппаратының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік және моральдық мінез-құлық жүйесін құруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдар беруге бағытталған.

2. Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде төмендегілер жүктеледі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатына адал болу және оны дәйекті түрде қолдану;

2) Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын басшылыққа алып, Қазақстан Респуликасының заңдарын және өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік құқықтық актілерін катаң сақтау;

3) жеке және заңды тұлғаларының құқықтарын қорғау және сақтау, сондай-ақ азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

4) қоғам мен мемлекет мүддесі үшін өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайту, мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу;

5) қызметтік міндеттерді атқару кезінде жеке қызығушылыққа және сыбайлас жемқорлыққа жол беру, қандай-да бір да сыйлық алу, мүдделер қақтығысының туындағаны туралы тікелей басшысына баяндау;

6) әріптестері мен басшыларына белгіленген заңнама тәртібін бұза отырып, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ететін заңсыз өтініштер жасамау;

7) әріптестеріне, басшыларына және өзге лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйлауға және қабылдауға жол бермеу;

8) жариялауға жатпайтын ақпаратты жеке басы үшін пайдалану және мұндай ақпаратты басқа мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында таратпау;

9) жақын туыстық қатынастар (ата-анасы, жұбайы, ағалары, апалары, балалары) тікелей бағынышты болатын және есеп беретіндей қызметтік лауазымға тағайындаудан бас тарту;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды ашу және оған қарсы тұруда белсенділік таныту;

11) белгілі болған істерді қарау барысын тездету немесе тым кешілдету фактілерін басшылығына дереу баяндау;

12) әріптестерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді және жоғары құқықтық мәдениетті талап ету;

13) кез келген тұлғаға кәсіпкерлік және басқа да қызмет көрсетуге жәрдемдесуден бас тарту;

14) үшінші тұлғалардың мүдделеріне қатысты іс-әрекеттер жасаудан бас тарту.

3. Басшыларға өзіне бағынысты тұлғалармен барлық деңгейде қарым қатынастар төмендегілер ұсынылады:

1) туыстық, жерлестік және жеке басына берулі белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыруға жол бермеу, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

2) бағынысты қызметкерлердің қызметтік міндеттері мен өкілеттіліктерінің көлемін дәл айқындау;

3) қарамағындағы қызметкерлерге еңбек міндеттерін тең емес бөлуге жол бермеу;

4) қызметкерлердің қызметін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттік, кішіпейілділік таныту;

5) заңға қайшы келетін, сондай-ақ олар анық орындай алмайтын өкімдер бермеу;

6) жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттілігін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау;

7) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлемеу;

8) бағынысты қызметкерлермен құмар ойындарын ойнаудан бас тарту;

4. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды және жеке тұлғаларға тексерулер ұйымдастыру құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметшілерге төмендегілер ұсынылады:

1) тексеруді жеке мүддесі немесе үшінші жақтың мүддесі үшін жүргізуге жол бермеу;

2) тексерілетін субъектілерге заңсыз талаптар қоймау, тексеру нысанына жатпайтын өтініштер жасамау;

3) тексерілетін субъектіге тексеру нысанына қатысты қажетті ақпаратты ұсыну;

4) тексерілетін субъектілерден тексеру нысанына жатпайтын құжаттарды талап етпеу;

5. Ұйымдастыру, кадр жұмысы бойынша іріктеу және орналастыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің басшыларына төмендегілер ұсынылады:

1) меритократия қағидатын басшылыққа алу;

2) тағайындау материалдары уақытының сақталуын және белгіленген қарау мерзімін сақтау;

3) мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде негізгі міндеттері, тыйымдар мен шекетеулер туралы түсіндіру;

4) өзінің және зайыбының (жұбайының) табыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы толық ақпарат ұсыну;

5) Мемлекеттік қызметке кіру кезінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қасақана дәйексіз табыс етпеу негіз болады.

6) Аппарат басшысы өз бағынысындағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жай-күйіне тікелей жауапты болады.

7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік немесе материалдық жауапкершілік басшысының шешімімен белгіленеді.

 


Мақаланың шыққан күні: 23.10.2017 00:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.10.2017 00:22

Қаралым саны: 1059