Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

Қызылқоға ауданы әкімі
аппаратының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы
стандартын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес:

1. Қосымшаға сәйкес Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан-әрі стандарт) бекітілсін.

2. Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аталған Стандарттың сақталуын қамтамасыз етсін.

3. Осы өкімнің орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Абуовке жүктелсін.

 

Аудан әкімі А.Баженов

 

 

Аудан әкімінің 2017 жылғы
«13»қарашадағы №348-ө
өкіміне қосымша

 

Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі-мемлекеттік қызметшілер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік және моральдық мінез-құлық жүйесін құруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдар беруге бағытталған.

2. Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілерге күнделікті қызметінде төмендегілер жүктеледі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатына адал болу және оны дәйекті түрде қолдану;

2) Қазақстан Респубикасы Конституцияның талаптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік құқықтық актілерін қатаң сақтау;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау және сақтау, сондай-ақ азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

4) қоғам мен мемлекет мүддесі үшін өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайту, мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу;

5) қызметтік міндеттерді атқару кезінде жеке қызығушылыққа және сыбайлас жемқорлыққа жол беру, қандай-да бір сыйлық алу, мүдделер қақтығысының туындағаны туралы тікелей басшысына баяндау;

6) әріптестері мен басшыларына белгіленген заңнама тәртібін бұза отырып, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ететін заңсыз өтініштер жасаудан бас тарту;

7) әріптестеріне, басшыларына және өзге лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйлауға және қабылдауға жол бермеу;

8) жариялауға жатпайтын ақпаратты жеке басы үшін пайдалану және мұндай ақпаратты басқа мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында таратпау;

9) жақын туыстық қатынастар (ата-анасы, жұбайы, ағалары, апалары, балалары) тікелей бағынышты болатын және есеп беретіндей қызметтік лауазымға тағайындаудан бас тарту;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды ашу және оған қарсы тұруда белсенділік таныту;

11) белгілі болған істерді қарау барысын тездету немесе тым кешеуілдету фактілерін басшылығына дереу баяндау;

12) әріптестерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді және жоғары құқықтық мәдениетті талап ету;

13) кез келген тұлғаға кәсіпкерлік және басқа да қызмет көрсетуге жәрдемдесуден бас тарту;

14) үшінші тұлғалардың мүдделеріне қатысты іс-әрекетер жасаудан бас тарту.

3. Басшыларға өзіне бағынысты тұлғалармен барлық деңгейде қарым-қатынастар төмендегілер ұсынылады:

1) туыстық, жерлестік және жеке басына берілу белгілері бойынша кадрларды іріктеу мен орналастыруға жол бермеу, меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

2) бағынысты қызметкерлердің қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерінің көлемін дәл айқындау;

3) қарамағындағы қызметкерлерге еңбек міндеттерін тең емес бөлуге жол бермеу;

4) қызметкерлердің қызметін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттілік, кішіпейілділік таныту;

5) заңға қайшы келетін, сондай-ақ олар анық орындай алмайтын өкімдер бермеу;

6) жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттігін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау;

7) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлемеу;

8) бағынысты қызметкерлермен құмар ойындар ойнаудан бас тарту.

4. «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» ММ заңды және жеке тұлғаларға тексерулер ұйымдастыру құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметшілерге төмендегілер ұсынылады:

1) тексеруді жеке мүддесі немесе үшінші жақтың мүддесі үшін жүргізуге жол бермеу;

2) тексерілетін субъектілерге заңсыз талаптар қоймау, тексеру нысанына жатпайтын өтініштер жасамау;

3) тексерілетін субъектіге тексеру нысанына қатысты қажетті ақпаратты ұсыну;

4) тексерілетін субъектілерден тексеру нысанына жатпайтын құжаттарды талап етпеу.

5. Ұйымдастыру, кадр жұмысы бойынша іріктеу және орналастыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің басшыларына төмендегілер ұсынылады:

1) меритократия қағидатын басшылыққа алу;

2) тағайындау материалдары уақытының сақталуын және белгіленген қарау мерзімін сақтау;

3) мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде негізгі міндеттері, тыйымдар мен шектеулер туралы түсіндіру;

4) өзінің және зайыбының (жұбайының) табыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы толық ақпарат ұсыну.

6. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қасақана дәйексіз табыс етпеу немесе толық емес мәліметтер беру мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болады.

7. Аппарат басшысы өз бағынысындағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасамауына және олардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жай-күйіне тікелей жауапты болады.

 


Мақаланың шыққан күні: 16.11.2017 04:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.11.2017 04:22

Қаралым саны: 1052