Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

«Исатай ауданының Забурын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары

«Исатай ауданының Забурын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-аппарат) Забурын ауылдық округі әкімінің 2020 жылдың 09 қаңтарындағы №1 санды өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс тобы құрамы бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2019 жылдың ІІ жартыжылдығы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша төмендегі бағыттарда ішкі талдау жүргізілді:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асыралады.

Атап айтқанда, аталған мерзім аралығында округ әкімімен жер туралы заңнамаға қатысты 12 шешім, және 48 өкім қабылданды. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталмады.

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Забурын ауылдық округі әкімі аппаратында бекітілген штаттық кесте бойынша 3 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер ( әкім, 2 бас маман).

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ауылдық округ әкім аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.    

«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша  аппарат қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ. 

2019 жылдың ІІ жартыжылдың ішінде жұмыстан босатылғандар: ауылдық округі әкімі өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес аудандық конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

2019 жылдың 10 қазанында бас маман лауазымына Қайратова Маржан Қайратқызы аудандық конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде жұмысқа қабылданды.

2019 жылдың 25 қазанында Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы Забурын ауылдық округі әкімі лауазымынан босатыла отырып, Исатай ауылдық округі әкімінің лауазымына тағайындалды.

2019 жылдың 25 қазанынан бастап Забурын ауылдық округі әкімі лауазымы бос болуына байланысты, міндеттерін қоса атқару Забурын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы міндетін уақытша атқарушы Қайратова Маржан Қайратқызына жүктелді.

2019 жылдың 13 желтоқсанда бас маман - есепшісі Төлегенова Қарылғаш Даулетбергенқызы бала күтіміне байланысты демалысқа шықты.

2019 жылдың 20 желтоқсанында Махсотов Ерлан Ескиндерович арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге округ әкімінің міндеттерін уақытша атқаруға тағайындалды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мемлекеттік қызмет көрсету:

Ауылдық округ әкімі аппаратына көрсетілген мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түсіп өтініштер мен арыздар саны - 18. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланған. Осы арыздар «1-ОЛ» бағдарламасына енгізілген. Мекемеге түскен кіріс және шығыс құжаттарды да электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесіне енгізілуі арқылы уақытылы жүргізіліп келеді. Мемлекеттік мекеме бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары көрсетіліп келеді. Жалпы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері туралы мәліметтер округ әкімі аппаратының ғимаратында ақпараттық тақталарда орналастырылған.

3) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

Забурын ауылдық округі әкімі аппаратында 2019 жылдың ІІ жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

Жұмысшы топ мүшелері:

Бас маман: М.Қайратова

Бас маман-есепші :Қ.Төлегенова   

Келісілді:

Забурын ауылдық округінің әкімінің у.м.а. Е.Махсотов


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 18:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 18:28

Қаралым саны: 229