Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

2018 жылдың ІІ-жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары

«Исатай ауданының Жанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-аппарат) Жанбай ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 23 қаңтарындағы №5 санды өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс тобы құрамы бекітіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу кезеңі 2018 жылдың ІІ жартыжылдығы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша төмендегі бағыттарда ішкі талдау жүргізілді:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық –басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асыралады.

Атап айтқанда, аталған мерзім аралығында округ әкімімен жер туралы заңнамаға қатысты 26 шешім, және 67 өкім қабылданды. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталмады.

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратында бекітілген штаттық кесте бойынша 7 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер( әкім, бөлімшенің басшысы, 5 бас маман), оның ішінде бос лауазым-2.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ауылдық округ әкім аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша аппарат қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ. Тексеру кезінде ауылдық округ әкім аппаратында бос орын бас маман-есепші Л.Ахметтің және құрылымдық

бөлімшенің басшысы Р.Мамешованың желтоқсан айында уақытша бала күтімі демалысқа шығуына байланысты болды.

2018 жылдың ІІ жартыжылдың ішінде жұмыстан босатылғандар: 2018 жылдың 1 тамыз күні бас маман А. Сапаровтың өз өтінішіне байланысты.

Ауылдық округі әкімі өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес аудандық конкурстық комиссиясының қортындысы негізінде жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 қазанында бас маман лауазымына Маралова Рита Нұрланқызы аудандық конкурстық комиссиясының қортындысы негізінде жұмысқа қабылданды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мемлекеттік қызмет көрсету:

Ауылдық округ әкімі аппаратына көрсетілген мерзім ішінде жеке тұлғалардан келіп түсіп өтініштер мен арыздар саны 21. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланған. Осы арыздар «1-ОЛ» бағдарламасына енгізілген. Мекемеге түскен кіріс және шығыс құжаттарды да электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне енгізілуі арқылы уақытылы жүргізіліп келеді. Мемлекеттік мекеме бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын көрсетіліп келеді. Жалпы мемлекеттік қызмет көрсету стандрттары мен регламенттері туралы мәліметтер округ әкімі аппаратының ғимаратында ақпараттық тақталарда орналастырылған.

3) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратында 2018 жылдың ІІ жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

Жұмысшы топ мүшелері:

Бас маман: А.Есекеш

Бас маман: А.Хисимова

Бас маман: М.Баркимбаева

Келісілді:

Жанбай ауылдық округінің әкімі Д.Есмуханов


Мақаланың шыққан күні: 29.01.2019 13:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2019 13:18

Қаралым саны: 791