Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1. Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары Басқармада әкімшілік мемлекеттік қызметшілер (бұдан әрі - қызметші) үшін құнды және моральдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт-бағдарлар жүйесін құру арқылы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.

2. Осы мақсаттарда қызметші өзінің күнделікті қызметінде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстануы және оны өмірінде өткізуі;

2) заңдылықтың қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, басшылыққа алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауы;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуі;

4) қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы, Басқарма атына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуі;

5) мүдделердің жанжалы туындағаны, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жеке қызығушылығы туралы, сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысқа және сыйлықтар алуға бейімділігі туралы тікелей немесе тура басшысына баяндауы;

6) қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік қызығушылықтарды басшылыққа алмауы;

7) маңызды қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден аулақ жүруі;

8) басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейімдемеуі және көтермелемеуі;

9) әріптестеріне, басшылары мен өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеуі;

10) қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты сыйлықтар алмауы;

11) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауы;

12) егер жақын туысқандық қарым-қатынастардағы адамдар (әке-шешелері, жұбайылары, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары) тікелей қарамағында немесе бақылауында болса, оларды лауазымға тағайындаудан бас тартуы;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуы;

14) сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған фактілері, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға бейімділігі не болмаса әуре-сарсаңға салу туралы басшылыққа дереу баяндауы;

15) орындау үшін алған өкімнің заңдылығына күдіктілігі туралы тікелей басшысына дереу жазбаша түрде хабарлауы;

16) егер тікелей басшысының өзі мүдделер жанжалына тартылған болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуі;

17) жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстануы және әріптестерінен талап етуі;

18) туындауы мүмкін мүдделердің жанжалының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және олардың салдарларының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі шараларды ұдайы негізде қабылдауы;

19) кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тартуды ұстануы;

20) үшінші адамдардың мүдделерін білдіруден, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ жүруі;

21) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмауы тиіс.

3. Барлық деңгейдегі басшылар қарамағындағылармен қарым-қатынастарда: 1) рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

2) қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;

3) қарамағындағы қызметкерлердің арасында еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу;

4) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділеттілік пен объективтілік таныту;

5) нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы келетін өкімдер бермеу;

6) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағыларының қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

7) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

8) қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;

9) қарамағындағы қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында олардан туындайтын қызығушылықтар жанжалын реттеу жөніндегі жан-жақты шараларды уақтылы қабылдау;

10) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жан-жақты шаралар қабылдау;

11) қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;

12) қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан аулақ жүру;

13) қарамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеу ұсынылады.

4.Басқарманың қызметін ұйымдастырған кезде:

1) Мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының жарлықтар мен қаулылар, сонымен қатар нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау.

5. Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды жою кезінде қызметкерлерге:

1) жеке не болмаса үшінші адамдардың мүдделерінде кейінге қалдырылмайтын апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізумен байланысты емес сеніп тапсырылған арнайы құтқару технкасы мен керек-жабдықтарды пайдалану фактілеріне жол бермеу;

2) төтенше оқиғаның себептерін анықтау кезінде жеке қызығушылыққа не болмаса оны туындауның объективті себептерін жасыру мақсатында үшінші адамдардың мүдделерінде әрекет жасауға жол бермеу;

3) қызметтік уақыттан тыс кезде қызметтік автокөлікті пайдаланбау; 4) апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде заңсыз кен байыту фактілеріне жол бермеу;

5) жанар-жағар май материалдарының, тауар-материалдық бағалы заттардың жұмсалуына және есептен шығарылуына ұдайы бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.

6. Басшы оның қарамағындағы қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауына жол бермеуіне дербес жауап береді.


Мақаланың шыққан күні:: 03.08.2017 00:39
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.08.2017 00:39