Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2019 жылдың 5 айы қорытындысымен атқарылған жұмысы туралы талдауы

«Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылдың 16 қаңтарындағы №5 қаулысымен құрылған. Басқарманың жылдық бюджеті 45,5 млн. теңгені құрайды. Басқармада 11 мемлекеттік қызметкер қызмет атқарады, оның ішінде 5 мемлекеттік инспектор. Қызметкерлердің орташа жасы 34 жас.

Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2019 жылдың 5 айында жер заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға бағытталған төмендегідей нақты жұмыстар атқарды.

Жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау

Басқарманың жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімімен ағымдағы жылы барлығы 179 (2018 жылдың 5 айында 157) жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген.

Қортындысымен 172 (100) заң бұзушылық анықталып, тексерудің тиімділігі 96 (64) пайыз құраған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136, 138, 337, 338 және 339-баптарының талаптарының бұзғандығы туралы 44 (82) заң бұзушылық субъектісі анықталды. Нәтижесінде, 44 (82) жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік іс қозғалып, 33 (36) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралып, 11 (46) әкімшілік іс бойынша қаулылар шығарылып, барлығы 7 млн 269 мың 402 теңге (10 млн 484 мың 130 теңге) көлемінде айыппұлдар салынған. Сондай-ақ, 172 (82) жер заңдылықтарының бұзылуын жою туралы орындалуға міндетті нұсқамалар табысталған.

Соның ішінде өз еркімен 4 млн 384 мың 825 теңге мемлекет пайдасына төленген. ҚР-сы ӘҚБтК-нің 708-709 баптарына сәйкес мәжбүрлеп орындауға жеке сот орындаушыға 1 әкімшілік іс бойынша салынған 378 мың 750 теңге айыппұл жолданған. 6 әкімшілік істер бойынша 2 млн 505 мың 827 теңге төлеу мерзімдері өтпеген.

Тоқтала кететін жайт, жалпы жер пайдаланушылармен мемлекеттiк жер учаскелерiн ішінара заңсыз иеленіп алу немесе уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау ӘқбтК-нің 136 бабына сәйкес жер заңдылығының бұзу фактілері басым кездеседі.

Облыс көлемінде тұрғын үй құрылыс үшін берілген жер учаскелерінен артық ішінара жер учаскелерін басып алу фактілері жиі кездеседі. Ашып айтқанда, облыс тұрғындары өзіне тиесілі жер учаскесінен артық жер учаскесін қоршап алып барып, сәйкестендіру құжаттарына арызданып

жатады. Осындай фактілермен 32 жеке тұлғаларға ӘҚБтК-нің 136 бабына сай әкімшілік істер толтырылып, 3 021 000 теңге айыппұлдар салынған.

Сонымен қатар, жер саласындағы қабылданған қаулылар мен шешімдердің заңдылықтарын да тексерулер жүргізілді. Атап айтсақ, Геолог ауылдық округі әкімідігіне және Махамбет аудандық жер қатынастары бөліміне, Махамбет аудандық сәулет және қала құрылысы, архитектура бөлімдеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде ӘҚБтК-нің 137 бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалып 2 лауазымды тұлғаға 151500 теңге айыппұлдар салынған. Сәйкесінше жер заңдылықтарының бұзылуларын жою туралы орындалуға міндетті нұсқамалар табысталған.

Игерілмеген жерлер бойынша қабылданған шаралар

Басқармамен Жер Кодексінің 92 бабына сай 1 жыл ішінде жерді нысаналы мақсатына сай пайдалануы қажеттігі туралы ағымдағы жылы барлығы 128 кәсіпкерлік мақсаттағы ауданы 365,1506 га құрайтын жер учаскелерге нұсқамалар (жазбаша ескертулер) табысталған.

Сонымен қатар, жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және ҚР-ның заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап жер салығы он есе ұлғайтылуға жататындығына сәйкес 2019 жылы берілген 128 нұсқамалар тізімі облыстық кірістер басқармасына жолданған.

Кірістер басқармасына жолданған нұсқамалар негізінде жер салықтарын 10 еселеу кезінде мемлекет бюджетіне 2017 жылы 31 263 400 теңге, 2018 жыл бойынша 17 408 700 теңге көлемінде түсім түскен.

Бұдан әрі, Жер кодексінің 94 бабы 2 тармағының үшінші бөлігін басшылыққа ала отырып, 2018 жылы игерілмеген жер учаскелері иелеріне табысталған жер заңдылығының бұзылуын жою туралы орындалуға міндетті 128 нұсқамалардың расталған көшірмелерін облыс көлемінде жеке және заңды тұлғалардың жер телімдеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органына ауыртпалықтарды тіркеу үшін жолданған.

Айта кететін жайт, 2018 жылдың мамыр айындағы Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның және Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне берілген.

Осыған сәйкес, Басқарма ауылшаруашылығы мақсатына берілген жер учаскелерінің игерілу жағдайына бақылауды жүргізбейді.

Мәжбүрлеп алу бойынша сотқа берілген талап арыздар

Ағымдағы жылы 2018 жылдың 5 айында табысталған 15 жер учаскелеріне бақылау тексерулері жүргізілген.

Нәтижесінде, 2 жер учаскесі өз еркімен мемлекетке тапсырылған, 7 жер учаскелерінде игеру жұмыстары басталған, 1 жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілген, 5 жер учаскелері 1 жыл ішінде игерілмеген, соған сәйкес мәжбүрлі түрде алып қою мақсатында сотқа 5 талап арыз жолданған. Оның ішінде, бүгінгі күні 5 талап арызы қаралуда.

2015-2019 жылдары аралығында мәжбүрлеп алынып қойылған 36 /ауданы 716,5552 га/ жер учаскелері, оның ішінде, ауылшаруашылық мақсатындағы 9 /ауданы 645 га/, кәсіпкерлік мақсатындағы 27 /ауданы 71,5552 га/ жер учаскелері туралы мәліметтер Жер ресурстарын басқару комитетіне және де облыстық әділет басқармасына жолданған.

Келіп түскен арыз-шағымдар бойынша

2019 жылдың 5 айы бойынша басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 68 өтініш тіркелді.

Жеке тұлға бойынша 56, Заңды тұлға бойынша 12 өтініш;

Оның ішінде: жеке тұлға бойынша 14 өтініш толықтай қанағаттандырылды, 2 өтініш қаралуда, 40 өтініш өз құзіретіне сәйкес тиісті органдармен қаралып, өтініш иелеріне түсіндіріле отырып, жауап берілді.

Заңды тұлға бойынша 12 өтініш тіркеліп, оның ішінде 4 өтініш қанағаттандырылды, 2 өтініш қаралуда, 6 өтініш қаралып түсіндірме жауаптар берілді.

Басқармаға түскен өтініштер бойынша мерзімінде жауап берілмеген

өтініштер жоқ.

 

Тіркелді

Қанағаттандырылды

Түсіндірілді

Қаралуда

 

Шағым түсірілді

Жеке тұлға

56

14

40

2

-

Заңды тұлға

12

4

6

2

-

Барлығы

68

18

46

4

-

 Басқарма ҚР Жер және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерін басшылыққа ала отырып қызметтерін жалғастыруда.

 Назарларыңызға рахмет!

 

 

Атырау облысы Жердің

пайдаланылуы мен қорғалуын

бақылау басқармасы 06.06.2019ж


Мақаланың шыққан күні: 21.06.2019 09:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2019 09:38

Қаралым саны: 738