Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

«Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналды- қазыналық кәсіпорынның 2018 жылдың I–жартыжылдықта атқарылған жұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

«Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналды-қазыналық кәсіпорынның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналды- қазыналық кәсіпорны. Мекен жайы: Атырау қаласы, С.Сауырғалиев көшесі №1 үй. Электронды пошта: dkkurmangazy2017@mail.ru, телефон нөмірі 8/7122/45-36-68, 45-36-71, 45-36-97.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2018 жылдың I-жартыжылдығы.

I.Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында мекеме директорының 2018 жылдың 18 маусымындағы №150-01-3 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы мекеменің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді басқа да құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2018 жылдың I-жартыжылдығында мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1.Кадрлардың ауысуы;

Мекемеде штат саны 118,25 бірлікті құрайды. Нақты жұмыс жасайтындар 115 қызметкер, бос орын – 7, әлеуметтік (бала күтімі) демалысында - 5 қызметкер.

Кадрлардың ауысуы – 2 бірлік, Өз еркімен жұмыстан босатылған - 21, қабылданған - 14. Жағымсыз себептер бойынша жұмыстан босатылғандар жоқ.

Бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлерге кезекті еңбек демалысы уақытында берілуде.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64 бабы 1 тармағының 1 тармақшасын басшылыққа алып 3 (үш) қызметкерге (бас есепшіге және екі жүргізушіге) тәртіптік жаза қолданылды.

Атырау облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қаулысы негізінде 2 қызметкерден алимент өндіру үшін айлық еңбекақысының 50% ай сайын ұсталынып, қаулыда көрсетілген реквизитке аударылуда.

Атырау облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қаулысы негізінде 3 қызметкерден «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 95 бабына сәйкес, борышкерлердің айлық еңбекақысынан ай сайын ұсталынып, қаулыда көрсетілген реквизитке аударылуда.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 97 бабының 1,2 тармақтары негізінде 3(үш) қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыс берілді және 1(бір) қызметкерге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің анықтамасы негізінде 2018 жылдың 28 мамырынан 1 қарашаға дейін жалақысы сақталмайтын демалыс берілді.

Қызметкерлерден қызмет бабында түскен өтініштер уақытында қаралуда.

2.Бюджет қаржысын игеру:

«Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналды – қазыналық кәсіпорнына 2018 жылға бөлінген қаражат ай сайынғы қаржыландыру жоспары негізінде жұмсалуда. 2018 жылдың қаңтар айынан қызметкерлерге еңбекақы төленді. Еңбекақы бойынша зейнетақы жарнасы, табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемдері төленді. Қызметкерлердің келісімі бойынша мүшелік жарналары, «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің жарналары және жеке сот орындаушыларынан түскен қаулы негізінде банкке өтелмеген берешек қарыздары, алименттер бойынша ұсталынып аударылуда.

3.Мемлекеттік сатып алу қызметі бойынша:

«Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналды – қазыналық кәсіпорынның мемлекеттік сатып алулар жөнінде 2018 жылғы жоспарының 6 айы бойынша төмендегіше қызметтер жасалды:

«Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналды – қазыналық кәсіпорнына қарасты Ақсай, Еркінқала, Томарлы, Кеңөзек, Дамбы ауылдық клуб ғимараттарының болмауына байланысты мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес конкурс ұйымдастырылып жергілікті жерде орналасқан жеке кәсіпкерлер ұсынған орындарын жалға алып ауылдық клубтардың жұмыс жасауына жағдай туғызылды.

«Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналды – қазыналық кәсіпорнына қарасты автокөліктердің жанар-жағар майларының шығын нормалары есептеліп және автокөліктердің ағымдағы жылға жөндеу жұмыстары үшін қызмет көрсетулер сатып алынып автокөліктердің кідіріссіз жұмыс жасауы қамтамасыз етілді.

2018 жылға бекітілген жоспарға сәйкес мәдени-демалыс шаралары қалалық және мәдениет сарайы деңгейінде өткізіліп мәдени іс-шараларға ынталандыру сыйлықтары, алғыс хат, дипломдар, сахнаны тірі гүлдермен безендіру, барлық сахна жұмыстары мен қызмет көрсетулер, қаладағы басты-басты алаңдарда мерекелік от-шашулар қызмет көрсетуі сатып алынды.

«Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналды – қазыналық кәсіпорны ғимаратын тәулік бойы күзету шаралары қолға алынып мекемемізге күзет жедел қимылдау тобы қызмет етеді, сондай-ақ өрт күзет дабылы қызметі, қоқыстардан тазарту қызметі, автокөліктерді сақтандыру, сантехникалық жөндеулер, бейне-бақылау және аркалық металл іздегіш қызметтері, картридждерді толтыру, қызметкерлерге берілетін кеңсе тауарлары және ғимараттың ішкі тазалығы үшін пайдаланылатын шаруашылық тауарлар сатып алынды.

2017 жылғы мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен өткізілген металл іздегіш құрылғысын Жеке кәсіпкер РИЗЫҚ-пен келісім шарт жасақталып, 3 пайыз мөлшерінде тапсырыс берушінің банк шотына түскен кепіл ақшасы уақытылы қайтарылмай, 2018 жылдың маусым айында жеткізушінің банк шотына аударылды.

2006 жылғы Toyota Сamry маркалы автокөлік, мемлекеттік нөмірі Е 216 АК 06 есептен шығару бойынша, қалалық қаржы бөліміне тапсырылған болатын. Алайда, қаржылар бөлімінен шыққан сарапшылар автокөлікті жарамды жағдайда деп шығаруына байланысты, жеке тұлғадан арыз талап түсіп, сот шешімімен қарастырылуда.

4.Мәдени-демалыс қызметі бойынша;

2018 жылдың I-жартыжылдығы бойынша мекемеде жоспарлы және жоспардан тыс (ұлттық, мемлекеттік, кәсіби мерекелерге арналған шаралар, атаулы мерекелер, қайырымдылық шаралар, мемлекеттік бағдарламалар бойынша, халықтық салт-дәстүр, балалармен жастар арасында, сайыстар мен фестивальдар) 544 мәдени іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 

Жұмыс тобының құрамы: __________________А.Джанканова

__________________Г.Аманғалиева

________________О.Урынбасарова

_________________Ж.Умбетжанов

___________________С.Курбанова

 

«Құрманғазы атындағы

мәдениет сарайының»

директоры С.Бигамбаев

Бас есепші Ж.Бурашева


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 00:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 00:56

Қаралым саны: 1920