Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

Атырау облысы Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

1. Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үщін бөлімнің 2017 жылғы 30 наурыздағы №5 бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2017 жылдың 1 – ші жаржыжылдығы.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Қуатбаев Нұртас Әминұлы – ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, жұмысшы топтың төрағасы.

Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің штат саны-5, оның ішінде:

1) Бөлім басшысы-1;

2) Бас маман-4.

«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Құлсары қаласы, Ж.Ізтұрғанов көшесі-7, тел: 8/71237/ 51783, 50975

Еңбек тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қатаң сақталады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау, оларды жою шаралары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. 2017 жылдың 1–ші жартыжылдығында барлығы–45 бұйрық қабылданған.

Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында бөлімге қарасты орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшіктің» жұмысын жалғастыруда. Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ақпараттар орналастырылған.

2017 жылдың 1-жарты жылдығында мемлекеттік қызметшілерге 2 ескерту берілді.


Мақаланың шыққан күні:: 09.10.2017 06:58
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.10.2017 06:58