Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.06.2020

Қызметтер

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылдың І жартыжылдығына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы

І.Кіріспе

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

«Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Еркінқала ауылы, телефондар: 23-30-45, 23-31-52, e-mail: erkinkala2011@mail.ru.

3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды – 01.01.2019 ж., аяқталды – 30.06.2019 ж.

4.Бақыланатын кезең:

2019 жылдың І жартыжылдық қызметіне.

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері:

*Еркінқала ауылдық округі әкімі аппараты қызметтеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша деректер заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда болған жоқ. Округ әкімі аппараты мамандары тарапынан тұрғындардың арызын қабылдау, қарау барысында, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық тудыратын тәуекелдердің болу ықтималдығы, оның алдын-алу және жол бермеу мемлекеттік қызметкерлерге қатаң ескертілді.

*Тұлғалардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептер анықталған жоқ.

*Құқықтық статистика органдарынан деректер түскен жоқ.

ІІІ.Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратында 2019 жылдың І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7-бабы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 24-бабы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-бабы, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. №255 Бұйрығының 24-пункті бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.


Мақаланың шыққан күні: 01.08.2019 09:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.08.2019 09:19

Қаралым саны: 594