Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Атырау ауылдық округі әкімі аппаратының 2018 жылдың І жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдау бойынша талдау анықтамасы

Атырау ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі – Аппарат) сыбайлас жемқорлық қатерінің талдауы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Атырау ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 маусымдағы №31-ө өкіміне сәйкес 2018 жылдың 3 қаңтарынан – 25 маусым аралығында өткізілді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді. Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функцияларды талқылады (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекет басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті нормалар анықталған жоқ. 2018 жылдың І жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды.

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2018 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 7 бірлікті құрады. 2018 жылдың 10 қаңтарында Атырау қалалық конкурстық комиссияның №14 хаттамасы бойынша жаңадан Атырау ауылдық округі әкімі аппаратына бос орындарға сыртқы конкурс арқылы 2018 жылдың 16 қаңтарынан бастап 2-бас маман жұмысқа қабылданды. 2018 жылдың 18 маусымынан бастап жүктілік және босануға байланысты 1-бас маман демалыста.

2018 жылдың І жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2. Рұқсат етілген функцияларды және бақылау функциялары жүзеге асыру:

2018 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша ауылдық округі әкімі аппаратына жеке тұлғадан 160 (І жартыжылдығында (20.06.2018 ж.) – 160) арыз, заңды тұлғадан 3 (І жартыжылдығында – 3) арыз қабылданды. Барлық арыздар заң талаптарына сәйкес тиісті мекемелерге жолданып, арыз иелеріне жауап берілді. 2018 жылдың І жартыжылдығында мал басы туралы анықтама және жеке қосалқы шаруашылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама алу үшін ниет білдірген тұрғын болған жоқ. 2018 жылы Атырау ауылдық округі әкімі 31 (І жартыжылдығында – 31) өкім, 319 (І жартыжылдығында – 319) шешім қабылдады.

3. Мүдделердің қақтығыстары:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» (Жер учаскесінің көлемін ұлғайту) бойынша:

Аталған қызметті көрсетудің бизнес-процестері Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №182 Қаулысымен бекітілген Регламентіне сәйкес реттеледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен «Атырау ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мен мониторинг жүргізу туралы» өкімі негізінде «Атырау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік

мекемесіне 2018 жылдың 03 қаңтарынан –2018 жылдың 20 маусым айы аралығындағы кезеңге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының және осы Заңға тәуелді актілерінің талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысынан кейін жеке және заңды тұлғалардың жер телімін ұлғайту, тұрғын үй құрылысын салуға берілген жер телімінің шешім мерзімін ұзарту туралы жазған арыздары кіріспен тіркеліп, арыз иесіне және тиісті мекемелерге жолданып отыр. Алайда, мониторинг кезінде бұл арыздар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес 3 күн мерзімінде арыз иесіне және тиісті мекемелерге жолданып отырды. Жоғарыда мазмұндалған негізгі тобы Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерінің жоқ деген шешімге келді.

 

Жұмыс тобы:

Ауылдық округі әкімі орынбасары Д.Әбішева

Бас маман М.Избасаров

Бас маман – Е.Мурсалимов


Мақаланың шыққан күні: 21.06.2018 01:07

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2018 01:07

Қаралым саны: 1154