Array Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының 2012 жылы іске асырылуы туралы есебіне талдамалық жазбасы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.05.2017

Қызметтер

Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының 2012 жылы іске асырылуы туралы есебіне талдамалық жазбасы

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (бұдан әрі
– Басқарма) 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі
– Стратегиялық жоспар) облыс әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы №350 қаулысымен бекітілді.

2012 жылға арналған облыстық бюджет параметрлерінің түзетулерін ескере отырып, Стратегиялық жоспарға облыс әкімдігінің 2012 жылғы
12 сәуірдегі №113, 2012 жылғы 13 маусымдағы №189, 2012 жылғы 26 шілдедегі №227, 2012 жылғы 2 қарашадағы №323, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №384 қаулыларымен өзгерістер енгізілді.

2012 жылы стратегиялық жоспарда 3 мақсатты индикаторлар, 13 тікелей нәтижелер көрсеткіштері, 18 іс-шаралардың орындалуы көзделді.

І. «Мақсаттарға, міндеттерге, мақсатты индикаторларға, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу» бөлімі

«Облыс экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бірінші стратегиялық бағыты шеңберінде «Облыс экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету» мақсатында мынандай нысаналы индикаторларға қол жеткізу көзделді:

1. ЖӨӨ-нің нақты мәнде өсу қарқыны (2012 жылға жоспар – 100,2%)

2012 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ЖӨӨ көлемі 2343,5 млрд.тенге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 96,1% құрады.

2012 жыл ішінде өндірілген ЖӨӨ көлемі, тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖӨӨ жөніндегі алдын-ала статистикалық деректер 2013 жылдың мамыр айында,нақтыланған деректер 2013 жылдың қазан айына есептеледі.

2. Негізгі капиталға инвестицияның өсу қарқыны (2012 жылға жоспар
– 95%)

Есепті кезеңде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі
1032,2 млрд.теңге немесе 93,3% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемінің төмендеуі «Болашақ» жобасы бойынша жұмыстардың аяқталуына байланысты.

1.1 – міндет. Облыс экономикасының тұрақты дамуына бағытталған шараларды іске асыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (2012 жылға жоспар
– 6,3 млн.тг.)

Атырау облысы Статистика департаментінің деректері бойынша
2012 жылдың 9 айында тұрғындардың жан басына ЖӨӨ 4,2 млн.теңгені құрады.

2012 жыл ішінде өндірілген ЖӨӨ көлемі, тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖӨӨ жөніндегі алдын ала статистикалық деректер 2013 жылдың мамыр айында, нақтыланған деректер 2013 жылдың қазан айында Атырау облысы Статистика департаментімен ұсынылады.

Инфляция деңгейі (2012 жылға жоспар – 6-8%)

Тұтыну бағасының индексі 2012 жылдың желтоқсан айында
2011 жылдың желтоқсан айына қарағанда 106,5%-ды құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құнының индексі 104,4%-ды, азық-түлік емес тауарларға – 103,4%-ды, ақылы қызметтерге – 112,5%-ды құрады.

1.2 – міндет. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін резервтерді және факторларды анықтау және тиімді іс-әрекет тетігін табу

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ай сайынғы есеп (2012 жылға жоспар – 12 бірлік)

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат ай сайын
ҚР ПӘ және ПМК ұсынылып отырды.

Аудандар және қала әкімдерінің қызметін рейтингілік бағалау 
(2012 жылға жоспар – 4 бірлік)

Атырау қаласы мен аудандардың 2011 жылдың және 2012 жылдың
1-3 тоқсанындағы рейтингтік бағалау қорытындылары ҚР Статистика агенттігіне 2012 жылдың мамыр, шілде және қараша айларында ұсынылды.

1.3 – міндет. Даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендерді дамыту және қолдау

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:

Даму әлеуеті жоғары және орта ауылдық елді мекендер үлесі
(2012 жылға жоспар – 90,8%)

2012 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 100% орындалды.

1.4 – міндет. Әлеуметтік сала мамандарын ауылда жұмыс жасауға тартуға жәрдемдесу

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:

Тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие алған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының саны (2012 жылға жоспар – 73 адам)

Есепті кезеңде тұрғын үй алу үшін 73 әлеуметтік сала мамандары 176 034 мың теңге сомасына несиелер алды.

Көтерме жәрдемақы алған әлеуметтік сала мамандарының саны
(2012 жылға жоспар – 167 адам)

2012 жылы көтерме жәрдемақыны 166 әлеуметтік сала мамандары алды. «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша қаржыны жоспарлаған кезде банк қызметі шығындарының ескерілмеуіне байланысты 1 маманның қалған қаржысы 166 маманның қызметіне бөліп берілді.

1.5 – міндет. Мақсатты инвестициялық саясатты жүргізу

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:

Іске асырылған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың саны (2012 жылға жоспар – 55 бірлік)

2012 жылы жергілікті бюджет есебінен 64 инвестициялық жоба іске асырылды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 100% орындалды.

«Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру» екінші стратегиялық бағыты шеңберінде «Бюджет шығындарының тиімділігін және нәтижелілігін арттыру» мақсатындамынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу көзделді:

1.Жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің қорытынды бағасы (2012 жылға жоспар – 73 балл)

2011 жылға жүргізілген бағалау нәтижесі бойынша Атырау облысы әкімдігінің тиімділігі 70,50 балды құрап, 2010 жылдың тиімділік қорытындысымен салыстырғанда 4,72 балға артты.

2.1 – міндет. Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:

Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша облыстық басқармалар қызметінің тиімділігін бағалаумен қамту (2012 жылға жоспар – 19 бірлік)

Есепті кезеңде бұл көрсеткішке қол жеткізілмеген.

ҚР ЭДСМ 2012 жылғы 20 мамырдағы №15-3/6537 хатына сәйкес қадағаланатын аядағы/саладағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының Аумақтарды дамыту бағдарламаларының негізінде жүргізіледі. Осыған байланысты есепті кезеңде аталған бағыт бойынша тиімділікті бағалау Атырау қаласы мен аудандар бойынша жүргізілді.

Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша қала мен аудандардың қызметінің тиімділігін бағалаумен қамту (2012 жылға жоспар – 8 бірлік)

Есепті кезеңде бұл көрсеткішке толықтай қол жеткізілді.

2.2 – міндет. Облыс бюджетін тиімді қалыптастыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:

Үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджет (2012 жылға жоспар
– 1 бірлік)

V шақырылған облыстық мәслихаттың IX сессиясының 2012 жылғы
12 желтоқсандағы №90-V шешімімен және облыс әкімдігінің 2012 жылғы
21 желтоқсандағы №409 қаулысымен 2013-2015 жылдарға арналған облыс бюджеті бекітілді. Бұл көрсеткіш 100% орындалды.

Жергілікті бюджетке түскен нақты түсімдердің болжамдалғаннан ауытқуы (2012 жылға жоспар – 100%)

2012 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 105,8% құрады.

Есепті кезеңде жергілікті бюджетке 125823,1 млн.теңге түсті, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артық.

Басым бағыттарға жұмсалған облыстық даму бюджеті шығыстарының үлесі (2012 жылға жоспар – 54%)

2012 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 58% құрады.

II. «Мемлекеттік органдардың функционалдық мүмкіндіктерінің дамуын талдау» бөлімі

Стратегиялық жоспарды іске асыру мақсатында 2012 жылы басқарманың қызмет тиімділігін арттыру және әлеуетін дамыту бойынша бірнеше іс-шаралар қарастырылды.

Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №61 қаулысымен Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ережесіне өзгерістер енгізіліп, басқарманың жаңа құрылымы бекітілді.

Басқарманың барлық қызметкерлері Интернет желісімен қамтылған. Басқарма қызметкерлерін компьютерлік техникамен қамтамасыз ету - 100%. Мемлекеттік органдармен жұмыс жасау үшін «Lotus Notes» электронды құжат айналымы бірыңғай жүйесі енгізілді.

2012 жылы Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығында басқарманың 9 қызметкері оқудан өтті.

III. «Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау» бөлімі

Стратегиялық жоспарды іске асыру мақсатында басқарма тұрақты негізде қызметіне қойылған міндеттерге қол жеткізуге тәуелді мемлекеттік-бірлесіп орындаушы органдармен өзара іс-әрекет жүргізіліп отырады.

Басқарма салалық басқармалармен бірлесіп облыстың, қала және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ай сайын мониторинг жүргізеді.

1.1.4 «Әлеуметтік сала мамандарын ауылда жұмыс жасауға тартуға жәрдемдесу» міндетін іске асыру қала және аудандар әкімдігінің өзара іс-әрекеті негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, салалық басқармалармен, қала және аудандар әкімдіктерімен облыстың инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру, оларды іске асыру мониторингісі, 2012-2014 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылау және 2013-2015 жылдарға облыс бюджетін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жүргізіліп отырады.

IV. «Сыртқы тәуекелдерді басқаруды талдау» бөлімі

Облыс экономикасының өсу қарқынының баяулауын болдырмау мақсатында басқармамен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне ай сайын мониторинг жүргізіледі. 2012 жылдың 9 айында ЖӨӨ көлемі 2343,5 млрд.теңгені құрады. 2013 жылдың 1 қаңтарына 366 млрд.теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды, соның ішінде республикалық бюджетке – 240,2 млрд.теңге, жергілікті бюджетке – 125,8 млрд.теңге. Инфляция деңгейі 106,5% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1032,1 млрд.теңге, оның ішінде шетелдік инвестициялар – 475,7 млрд.теңгені құрады. Жұмыссыздық деңгейі – 4,9%.

V. «Бюджеттік бағдарламаларды талдау» бөлімі

Стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын қаржылық қамтамасыз ету алты бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» қызметкерлердің жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шығуына және уақытша еңбекке жарамсыздығынан жалақы қорының үнемделуіне байланысты 98 мың теңге игерілмей қалды.

003 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және  концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін түзету немесе әзірлеу және оларға сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу». Бөлінген қаражат толықтай игерілді.

005 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат толықтай игерілді.

007 «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік несиелер». Кейбір мамандардың тұрғын үйді төмен бағамен сатып алуына байланысты 1137 мың теңгесі үнемделді.

099 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыны жоспарлаған кезде банк шығындары есептелмеуіне байланысты 47 мың теңге игерілмеген. Осыған байланысты банк шығындары 1 маманның көтерме жәрдемақысы есебінен жүргізілді.

020 «Республикалық бюджеттен аудандық бюджеттерге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер». Бюджеттік қаражаттың толық игерілмеу себебі тендерді жеңген мердігердің жұмысты толық және уақтылы орындамауына байланысты 916 мың теңге игерілмеген және 1367 мың теңге тендерден үнемделген.


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 10:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 10:40