Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

«№2 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың қаңтар айынан - маусым айы аралығына арналған сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«№2 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, А.Байжігітова көшесі 66А электронды поштасы: atyrau2okzh@mail.ru, телефон номері 8(7122)51-56-54

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2018 жылдың қаңтар айынан –маусым айы аралығы.

1. Ақпараттық талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында «№2 Қалалық ОКЖ» ММ-нің басшысының 2017 жылдың 01 қарашасындағы №144 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімінің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді басқа да құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2018 жылдың қаңтар айынан - маусым айы аралығында «№2 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1. Кадрлардың ауысуы: «№2 Қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекеме бойынша штатық кесте бойынша 53 бірлікті құрайды. Нақты жұмыс жасап жүргендер 62. Оның ішінде:

1,0 штаттық бірлікпен : 1 басшы, 1 басшы орынбасары, 1 бас есепші, 1 есепші, 1 кадр, 5 бөлім меңгерушісі, 13 ауылдық кітапхана меңгерушісі, 2 библиограф, 1 әдіскер, 8 кітапханашы, 1 редактор, 3 күзетші, 1 суретші, 1 әкімшілік шаруашылық меңгерушісі, 1 жүргізуші, 1 программист, 2 еден жуушы.

0,5 штаттық бірлікпен 13 еден жуушы, , 1 электрик, 1 жұмысшы, 3 оператор.

Кадрлардың ауысуы: шттатық бірлік бойынша; өз келісімімен жұмыстан босатылған-6; Қабылданған – 7; әлеуметтік демалысқа шыққан – 1; әлеуметтік демалыстан жұмысқа шыққан – 1, жылу жүйесі маусымының аяқталуына байланысты – 2, бос орын-жоқ.

Жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылғандар - жоқ.

2. Бюджет қаржысын игеру.

«№2 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындалу актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырысында қаржыға қатысты мәселелер қаралып қаражат бөлінген.

3. Мемлекеттік сатып алу.

«№2 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу порталында жұмысы Заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және Заң шеңберінде келісім шарттар жасақталады.

1) Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) «№2 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетпейді. Мәдени –ағартушылық жұмыстарын жүргізеді.

4.Рұхсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру.

2018 жылдың қаңтар айынан-маусым айы қорытындысы бойынша көрнекі ақпаратқа байланысты жұмыстарды басты назарда ұстап, оларды үйлестіру бағытында «№2 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты кітапханаларда 16 кітап көрмесі ұйымдастырылып, 32 жарнама бетшелер орналастырылған.

Азаматтық қызметкерлер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған.

Жергілікті басылым беттерінде сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланбаған. Арыз-шағым жәшігі ілінбеген. Прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығын іске асыру бойынша жылдық жоспарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «№2 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 

Жұмыс тобының құрамы: Г. Елемесова

С.Қонысбай

А.Тұрғанов


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 00:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 00:47

Қаралым саны: 1221