Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Махамбет атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Махамбет атындағы орта мектебі» КММ-мектеп директоры басқаратын, жас ұрпаққа білім беру ісімен айналысатын мемлекеттік мекеме.

Білім беру мекемесіндегі жалпы мұғалімдер саны -58,қызметкерлер саны -35, мектеп директоры, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары-2, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-2, мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары-1, психолог-2, әлеуметтік педагог-1, тәлімгер-1, алғашқы әскери және технологиялық дайындық -1, есепші-2, медбике-1, кітапханашы-1 жұмыс жасайды.

Білім беру мекемесінде Жарсуат ауылынан-361, тасымалданып оқитын Молымбет, Қызылжар, Ақтан елді мекендерінен-21, барлығы 382 бала білім алады.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Білім беру мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер ауданық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Махамбет атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы, Махамбет көшесі 20, тел.: 8(71234)2-33-48 эл.поштасы: ssh_mahambet@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 1 қаңтар 2019 жыл, аяқталды: 25 желтоқсан 2019 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Осы білім беру мекмемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019-2020 оқу жылына арналған жоспарын бекітіп, осыған сәйкесті білім беру мекемесінің қызметкерлері мен білім алушылары арасында жүзеге асырылды.

1) Мүдделер қақтығысы жоқ.

2) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Қажетті пәндер мен түрлі қызметкерлердің бос жұмыс орнына жергілікті округ әкімінде тіркелген немесе дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша жұмысқа қабылдау жүзеге асырылады.

4). Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қызметкерлерге қол қойдыру арқылы жүргізіліп отыр.

5) Білім беру мекемесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

6). Білім беру мекемесіне 2019 жылдың 12 айында барлығы 28 өтініш-арыздар түсті. Оның 28-і жеке тұлғадан. Барлығына тиісінше түсіндіріліп, уақытылы жауап берілді.

Аудандық білім бөлімі арқылы келген сыбайлас жемқорлыққа байланысты тапсырмаларға сай іс-шара жоспары жасалып, 2-4 сынып оқушыларына диктант, 5-8 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі, 9-11 сынып оқушылары үшін сауалнама жүргізілді.

Бұдан басқа жас ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өз-өзіне деген сенім, адалдық, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде сатушысыз «Адалдық» дүкені екінші жыл жұмыс жасап келеді.Онда оқушыларға күнделікті қажетті оқу құралдары қол жетімді бағада қойылып, оны оқушылар маслихатының араласуымен атқарылып, нәтижесін көрсетіп келеді.

2020 жылғы 16 қаңтардағы «Адалдық сағаттары» республикалық акциясын 17 қаңтар күні өткізу жөніндегі Атырау облыстық Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы №7-10/167 санды хаты негізінде осы білім беру мекемесінің білім алушыларымен аталған шара бағытында барлық сынып оқушыларымен жергілікті округ аппараты мамандары, әйелдер және әкелер кеңесінің жетекшілері, «Қамқоршылық кеңесінің» төрағасы, мектеп директоры т.б құрметке ие белсенді азаматтардың қатынасуымен «Адалдық сағаттары» өтті. Тақырып бойынша оқушылармен өткізілген сабақтарда қатынасушы тұлғалар қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін талқылап, оқушылардың өздері дайындаған бейнероликтер көрсетіліп, қазіргі уақытта кездесіп отырған жағдаяттарға өз пікірлерін білдіріп, талдау жасады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында іске қосқан «talap.опросы» мобильді қосымшалардағы әлеуметтік сауалнаманы осы білім беру мекемесіндегі барлық қызметкерлер мен оқушылардың өтуін қамтамасыз ету бағытында түсінік жұмыстары жүргізіліп, маңызы айтылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша белгіленген орында «Адалдық бұрышы», «Парасатты азамат» тақырыбындағы стенд жасақталып ілінген.

«Сыбайлас жемқорлық», «Пара беру» тақырыбындағы бетшелер тиісті талапқа сай орналастырылған.Сонымен бірге «сенім жәшігі» мен «сенім телефоны» тиісінше талапқа сай жұмыс жасайды.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3) Жоғарғы органдардан түрлі форматта келген тапсырмалар бойынша іс-шара жоспарын жасақтап, тиісінше білім алушылардың жас ерекешеліктеріне қарай сынып сағаттарында, жиындарда дөңгелек үстелдер мен оқушыларға кеңінен түсіндіріліп, жұмыстар жүргізілді.

ІІІ. Қорытынды:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Махамбет атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Жас ұрпақ бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020 18:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 18:05

Қаралым саны: 157