Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы:

1) персоналды басқару қызметі;

2) жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімі;

3) мемлекеттік сатып алу және дәрімен қамтамасыз ету бөлімі;

4) ана мен бала денсаулығын қорғау және емдеу-профилактикалық жұмыстарын үйлестіру бөлімі;

5) қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және лицензиялау бөлімі;

6) жұмылдыру жұмыстары, мемлекеттік құпияларды қорғау және инвестициялық жобалар бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

2.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: анықталмаған.

2.2. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

2.2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: 2018 жылдың 25-маусымына дейін кадрлық ауысулар (қызметтен босатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылғандар болмаған) болмаған;

2.2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу: болмаған;

2.2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету:

1. Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және лицензиялау бөлімінің 2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша (25-маусым жағдайына) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1) «Медициналық қызметке лицензия беру» - 38 лицензия, 34 қосымша;

2) «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» - 34 лицензия, 23 қосымша;

3) «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» - 6 лицензия, 4 қосымша;

2. Мемлекеттік сатып алу және дәрімен қамтамасыз ету бөлімімен:

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау – 0 (облыс Әкімі аппаратына берілетін ай сайынғы есепке сәйкес). Алайда 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласында қаржыландыру тәртібінің өзгеруіне байланысты тегін медициналық

көмектің кепілдік берілген көлеміне қаржыландыру «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылатынын ескере отырып, жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына тиісті өзгеріс енгізу туралы стандартты жасақтаушы орган болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдау қажет.

3. Қалған 13 мемлекеттік көрсетілетін қызмет Басқармаға бағынысты медициналық ұйымдармен көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы жиынтық есеп бекітілген нысанға сәйкес ай сайын облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөліміне жолданып отырады.

Сонымен қатар облыс әкімдігінің ағымдағы жылдың 11 қаңтарындағы №1 қаулысына сәйкес Атырау облыстық наркологиялық диспансерінің және Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының қосылуына байланысты ҚР ДСМ 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына өзгеріс енгізу туралы ҚР ДСМ-не хат жолдау қажет.

2.2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру: 2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша өтініш иелерімен сыртқы портал арқылы ұсынылған электрондық хабарламалар негізінде автоматты түрде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілердің тізіліміне және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізіліміне енгізілгендер саны - 56.

2.2.5. Бақылау функцияларын іске асыру: бақылау функциялары қаралмаған.

2.2.6. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: анықталмаған.

3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына сәйкес Басқармадағы 12.06.2018 жылғы №114/1 бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобы:

1) А.Кабдрахманова – басқарма басшысының орынбасары;

2) А.Утешев - басқарма басшысының орынбасары;

3) А.Жаумбаева – экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;

4) А.Уайсова – персоналды басқару қызметінің басшысы;

5) А.Мамбетов – мемлекеттік сатып алу және дәрімен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

6) С.Хайруллин - жұмылдыру жұмыстары, мемлекеттік құпияларды қорғау және инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы;

7) Ж.Ахметқалиева - қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және лицензиялау бөлімінің басшысы;

8) Б.Ташенова – Персоналды басқару қызметінің бас маман заңгері.

Ішкі талдауға басқарма басшысының орынбасарлары М.Утешев және А.Кабдрахманова іссапарда болуына байланысты қатыспады (бұйрық көшірмелері жалғамада).

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2018 жылдың І жартыжылдығы.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Басқарма басшысы Аймурзиева Маншук Құдайбергенқызы.

6. Мыналар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады:

6.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

6.1.1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;

6.1.2. Атырау облысының әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №125 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысымен «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілді.

6.1.3. Атырау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №324 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен (Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 133 қаулысы (Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 шілдеде № 3573 болып тіркелді) бекітілді:

«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

6.1.4. Атырау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №325 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен (Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі №158 қаулысымен өзгерістер енгізілген (Атырау облысының әділет департаментінде 2016 жылғы 03 тамызда № 3578 болып тіркелді) бекітілді:

«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

«Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

6.1.5. Атырау облысының әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №136 «Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі №102 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәселелері» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысы бекітілді.

Бүгінгі таңда кейбір бөлімдер арасында қызметтік міндеттердің бөлініп берілуіне байланысты аталған қаулыға кері өзгерістер мен толықтыру енгізу жұмыстары жүргізілуде.

6.2. Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) 2018 жылғы 3 мамырдағы №62 «Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тексеру жүргізу туралы бұйрығы негізінде Департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Д.Алтыбай болып 2017 жылдың 01 қаңтарынан – 2018 жылдың 03 мамыр айы аралығындағы кезеңге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының және осы Заңға тәуелді актілерінің талаптарының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында 2018 жылдың 4-21 мамыры күндері ішінара тексеру жүргізді.

Анықталған кемшіліктер:

1) 2017 жылы жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептер бойынша жария талқылаулар өткізілмеген;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметті тексеру барысында Басқармамен, қызмет көрсету кезінде 2017 жылы 10, 2018 жылы 4 қызмет алушылардан стандартта көзделмеген артық құжаттар қабылданғандығы анықталды. Бұл ретте құжаттар кеңсе арқылы қабылданған.

Тексеру нәтижесі бойынша жауапты мамандардың қатысуымен жиын өткізіліп, лицензиялау қызметін жүзеге асыратын бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2. 2017 жылдың 11 желтоқсаны мен 2018 жылдың 8 қаңтары аралығында Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторларымен 2015 жылдың 1 қаңтары мен 2017 жылдың 1 желтоқсаны аралығына сәйкестік аудит жүргзілді. Нәтижесінде процедуралық бұзушылықтар орын алып, емдеу сауықтыру ұйымдарының басшыларына тапсырмалар беріліп, ауызша ескерту жасалды.

3. 2018 жылдың 15 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында аралығында Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік аудиторымен 2017 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 12 қаңтары аралығына сәйкестік аудит жүргізіліп, нәтижесінде қаржылық бұзушылық анықталып,

601,93 (пеня) теңге бюджетке қайтарылып, бас маман бас есепші тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

4. 2018 жылдың 28-мамырынан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің консультант-мемлекеттік аудиторлардың Атырау облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының талаптарын сақтауына мемлекеттік аудит жүргізілуде. Бақылаудың қамту мерзімі – 2017 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығы.

Аудиторлық іс-шара жүргізу мерзімі – 11 шілдеге дейін.

6.3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: басқарма басшысымен өткізілетін азаматтарды мемлекеттік корпорацияда жеке қабылдау кестесі облыс әкімдігінің, басқарманың ресми интренте ресурстарында және басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларына жарияланып отырады.

Басқармаға және басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарда ақпарат болмаған.

6.4. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өөтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына және ҚР Бас прокурорының бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Түскен өтініштер «Айқын» базасында тіркеледі. Атырау облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы (бұдан әрі - Прокуратура) тарапынан бақылау жүргізіледі.

2018 жылдың 5 айының қорытындысымен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына 136 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (бұдан әрі - өтініштер) келіп түсті. Өтініштің жалпы санының 5,1% құрайтын 7 өтініш Электронды Үкімет порталымен, жалпы өтініштің 19,9% құрайтын 27 өтініш Атырау облысы әкімі аппараты және Жылой аудандық әкімі аппаратынан, жалпы өтініштің 19,9% құрайтын 7 өтініш Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен, жалпы өтініштің 9,6% құрайтын 13 өтініш Атырау облысының және Атырау қалалық Прокуратурасынан келіп түскен. Қолма-қол әкеліп тапсырылғандар – 80, жалпы өтініштің 58,8% құрайды. Сонымен қатар, ҚРДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен 1 өтініш, жалпы өтініштің 0,7% және Атырау облысы табиғи ресурстар басқармасынан 1 өтініш, жалпы өтініштің 0,7% құрайды.

Өтініштер базамен қойылған мерзімге сәйкес қаралған және қаралады. Салыстыру актісіне сәйкес Прокуратурамен салыстырылып отырады.

6.5. Прокурорлық қадағалау актілері: Сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалау актілері келіп түспеген.

6.6. Сот актілері: Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша сот актілері келіп түспеді.

6.7. Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер: Сыбайлас жемқорлық бойынша фактілер келіп түспеді.


Мақаланың шыққан күні: 29.06.2018 01:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2018 01:50

Қаралым саны: 1544