Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы:

1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі;

2) Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімі;

3) Лицензиялау және аттестаттау бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

2.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: анықталмаған.

2.2. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

2.2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: Атырау облысының әкімінің 10.02.2017 жылғы №39-ө бұйрығы негізінде D-O-1 санаты бойынша лауазымды тұлға қызметінен босатылды;

2.2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу: болмаған;

2.2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету: Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1) «Жобалау қызметіне лицензия беру» - 39;

2) «Іздестіру қызметіне лицензия беру» - 16;

3) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» - 103;

4) «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» - 0;

5) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» - 88;

6) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» - 0. 2.2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру: Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы жөніндегі хабарлама берілген саны - 412. 2.2.5. Бақылау функцияларын іске асыру:

1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша барлық тексерулер саны – 63, оның ішінде жоспардан тыс тексеру – 54; бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары – 9;

2) Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандар саны – 169. 2.2.6. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: анықталмаған.

3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына сәйкес Басқармадағы 14.06.2017 жылғы №26-нқ бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобы:

1) Омаркулов А.Ж. – мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы;

2) Шукралиева Ш.Б. – әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

3) Нурбаев Т.М. – лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2017 жылдың І жартыжылдығы.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Басқарма басшысы Алипбаев Рашит Музатович.

6. Мыналар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады:

6.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

6.1.1. Атырау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №6 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысымен «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілді.

6.1.2. Атырау облысының әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №226 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілді: «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті; «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.

6.1.3. Атырау облысының әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы №112 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» қаулысымен «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілді.

6.1.4. Атырау облысының әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №212 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №226 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.5. Атырау облысының әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы №38 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №6 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы» қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.6. Атырау облысының әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы №100 «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы бекітілді.

6.2. Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері: 13.02.2017 жылғы «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді және сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне жол беретін себептермен жағдайларды жою, сондай-ақ алдағы уақытта болдырмау мақсатындағы іс-шаралар» жоспары бекітілген және орындау мерзімі 2017 жылдың І жартыжылдығына дейін қарастырылған.

6.3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижесі бойынша 2017 жылдың І тоқсан қорытындысы 2017 жылдың сәуір айында Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсындағы www.atyrau.gov.kz сайтының Басқарманың жемқорлыққа қарсы күрес бөліміне жарияланды.

6.4. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері: Басқармаға барлығы 18 өтініштер келіп түсті және тиісті жауап берілді. Өтініштер бойынша сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері анықталмаған.

6.5. Прокурорлық қадағалау актілері: Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалау актілері келіп түспеген.

6.6. Сот актілері: Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша сот актілері келіп түспеді.

6.7. Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер: Сыбайлас жемқорлық бойынша фактілер келіп түспеді.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы ______________ Омаркулов А.Ж.

Әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы ______________ Шукралиева Ш.Б.

Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы ______________ Нурбаев Т.М.


Мақаланың шыққан күні:: 28.06.2017 07:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.06.2017 07:04