Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.04.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Cәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы:

1) Қаржыландыру және әкімшілік басқару бөлімі;

2) Қала құрылысы жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру бөлімі;

3) Мемлекеттік қала құрылысы кадстры және бас жоспарларды іске асыру бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

2.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: анықталмаған.

2.2. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

2.2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы: ағымдағы жылғы І жарты жылдың қорытындысымен кадрлардың ауысуы: Қаржыландыру және әкімшілік басқару бөлімінің басшысы Қорқытова Гүлбану Исманиязқызы мен қала құрылысы жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Дүзелбаев Жанболат Бақтыбайұлы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес өз еркімен қызметінен босатылды.

2.2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу: болмаған.

2.2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету – Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №222 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерiн бекіту туралы» қаулысымен келесі мемлекеттік қызметтер Басқармамен көрсетіледі: - «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру»;

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру». Алайда, 2015 жылдан 2019 жылғы шілде айына дейін жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

2.2.4. Сонымен қатар, Басқармада рұқсат беру және бақылау функциялары қарастырылмаған.

2.2.5. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер: анықталмаған.

3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына сәйкес Басқармадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген-Басқарманың Әдеп жөніндегі уәкілі:

1) І.Ә.Әділхан – Қаржыландыру және әкімшілік басқару бөлімінің басшысы;

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2019 жылдың І жарты жылдығы (01.07.2019 ж. дейін).

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Басқарма басшысы Арыстанова Гүлбаршын Жолдасқызы (Атырау облысы әкімінің 11.07.2017 ж. №206-ө өкімі).

6. Мыналар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады: 6.1. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

6.1.1. Атырау облысының әкімдігінің 27.12.2016 ж. №307 «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» қаулысы бекітілді.

6.1.2. Атырау облысының әкімдігінің 10.07.2015 ж. №207 «Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерiн бекіту туралы» қаулысымен келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері: «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»; «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»; «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»;

6.2. Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері: 2019 жылдың І жарты жылдығында құзырлы мемлекеттік органдармен тексерулер өткізілмеді.

6.3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: қарастырылмаған.

6.4. Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2019 жылы (өсім бойынша) (01.07.2019 ж. дейін) басқармаға барлығы 10 өтініштер келіп түсті, соның ішінде 10 өтінішке тиісті жауаптары жолданды.

Өтініштер бойынша сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері анықталмаған.

6.5. Прокурорлық қадағалау актілері: Сыбайлас жемқорлық заңбұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалау актілері келіп түспеген.

6.6. Сот актілері: болмаған.

6.7. Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер: болмаған.

 

Қаржыландыру және әкімшілік басқару

бөлімінің басшысы ______________ І.Әділхан


Мақаланың шыққан күні: 19.07.2019 14:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.07.2019 14:19

Қаралым саны: 622