Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2020

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесіндегісыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтежелерінен талдамалық АНЫҚТАМАСЫ

Кудряшов ауылы 2020 жылғы 22 қаңтар

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Кудряшов ауылдық округ әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы №3 шешімі негізінде, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезең сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

1) Кудряшов ауылдық округ әкімі аппаратының қызметің қозғайтын құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормаларджы анықтау;

2) Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;

3) Мүдделер қақтығысын реттеу;

4) Мемлекеттік қызмет көрсету;

5) Рұқсат беру фунқцияларын іске асыру;

6) Бақылау фунқцияларын іске асыру;

7) Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер;

8) Округ әкім аппаратының қызметін қозғайтын құқықтық актілер;

9) Округ әкімі аппаратына қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

10) БАҚ жарияланымдар;

11) Округ округ әкім аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

12) Прокурорлық қадағалау актілері;

13) Сот актілері.

Талдамалық анықтама

1) Ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлерінің біліктілік талаптарында айқындалған құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдау) өкілеттік пен нормалар анықталмады;

2) Ауылдық округ әкімімен2019 жыл ішінде жеке құрам бойынша 33 өкім, негізгі құрам бойынша 93 өкім заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.

Кудряшов ауылдық округ әкімінің аппаратында штат саны 18 бірлік. Соның ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны 6 бірлік.Олар округ әкімі – 1 бірлік, бас мамандар- 5 бірлік. 2018 жылдың қараша айында 1 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды. 2019 жылдың ақпан айында бос орынға 1 қызметкер қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қабылданды.Кудряшов

ауылдық округ әкім аппаратында кадрлар тұрақсыздығы жоқ.Ауылдық округ қызметкерлерінің ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ. Кудряшов ауылдық округ әкім аппаратында өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

3) Ауылдық округ әкімінің аппараты қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады;

4) Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округ әкімінің аппараты ҚР заңына және стандарттарға сәйкес 2 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олар:

1.«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»; 2.«Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру»;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында, бүгінгі таңда барлық қызметтер ХҚКО немесе электрондық портал арқылы жүзеге асырылуда.

5),6) Кудряшов ауылдық округ әкімінің аппаратының құзыретіне рұқсат беру, бақылау функциялары кірмейді.

7) 2019 жылға арналған Кудряшов ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар бекітілген. Бекітілген жоспар бойынша, тоқсан аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыс ұйымдастырылып отырады. Жиналысқа округ әкім аппаратының қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық ұйымының мүшелері, құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық саласы мекемелерінің қызметкерлері, округ тұрғындары, шағын кәсіпкерлік өкілдері қатысты. Отырыста бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуі талқыланды.

Кудряшов ауылдық округ әкім аппараты аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу интернет –ресурс арқылы ашық өткізілді. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін округ көлемінде учаскелік комиссия жұмыс жүргізеді.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке» өтініш білдірген үміткер азаматтардын тізіміне сәйкес учаскелік комиссия үй, отбасылық тұрмыстық жағдайына зерделеу актілерін жасақтап жасақталған актілер негізінде әр үміткер азаматтарға мұқтаж не болмаса мұқтаж еместігі жөнінде 3 жұмыс күннің ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қортынды жолдайды. 2019 жылдың басынан 47 отбасы өтініш білдіріп, оның 14 отбасы «мұқтаж емес» деп танылса, 33 отбасы «мұқтаж» деп танылған. Учаскелік комиссия аталған көмектерге тапсырған үміткер азаматтардың үй, отбасылық

тұрмыстық зерделеу актілерін жасақтап, қортындыларын жасау жұмыстарын жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берілмеген.

8) Кудряшов ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері өз қызметін бекітілген Ережеге және атқаратын функцияларына қатысты, Қазақстан Республикасының заңнамаларының соңғы өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып атқарған. Қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталмаған.

9) Жоғары тұрған органдардан 2019 жылдың 12 айында жалпы 940 құжат келіп түсіп, 615-ы бақылауға алынған. Оның 607 орындалды.

Азаматтарды жеке қабылдау әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін ж/е 10:00-ден 12:00-ге дейін жүргізіледі.

2019 жылдың 12 айында округ әкімі 18 рет жеке қабылдау өткізіп, 18 азаматты қабылдаған (жеке қабылдауда болған заматтардың 12 көтерген мәселесіне түсіндірме берілген, 6-ы қанағаттандырылған). Өткен жылдың 12 айымен салыстырғанда жеке қабылдау72% есеге артқан(2018 жылдың 12 айында жеке қабылдау 13 рет өткізілген,13 азамат қабылданған).

10) Кудряшов ауылдық округ әкіміаппаратында сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша тиісті ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүргізілді. БАҚ-та сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық Серпер басылымына4материал жарияланды, ал әлеуметтік желілерде 4 материал жарияланды. Күні бүгінге округ бойынша тұрғындарға өз құқықтарын қорғап, білуіне ықпал ету мақсатында байланыс бөлімшелері арқылы 770 жаднамалар таратылды. Сонымен қатар, округ әкім аппаратының ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы үгіт материалдар орналастырылған.Аппарат ғимаратының көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексі, әлеуметтік қамту заңдары, әскери есепке алу туралы ережемен заңдары, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, «Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормалары», «Сенім жәшігі» ілінген. Әкім аппараты қызметкерлерінің әрекеттері бойынша бүгінгі күнге дейін, сенім жәшігіне және сенім телефонына азаматтардан бірде-бір арыз түскен жоқ. Сондай-ақ, әкім аппараты қызметкерлерінің және округтегі мекеме қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстар және құқық бұзушылық деректері болған жоқ.

11) Кудряшов ауылдық округ әкімі аппаратына 2019 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғалардан 38 өтініштер түскен, оның ішінде; 1) Заңды тұлғалардан-4, 2) жеке тұлғалардан-34 арыз қабылданды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес өтініш білдірген азаматтардын өтініштері уақытында тіркеліп, дер кезінде қаралып, шешім қабылданып, қабылданған шешімдер туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланған. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.

12) Прокурорлық қадағалау актілері тіркелмеген.

13) 2019 жыл ішінде округ әкім аппараты тарапынан азаматтық 1 іс бойынша сотқа қатысу орын алған.

Қорытынды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша құқық бұзушылық анықталмады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс тобы келесі жұмыстарды атқаруды

ҰСЫНАДЫ:

1.Аппарат қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді күшейту.

2.Кудряшов ауылдық округі әкімінің аппаратыныңмемлекеттік және келісім шарт негізінде қызмет ететін қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында заңнама талаптарына сәйкес, құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу.

3.«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» орындалуын қамтамасыз ету.


Мақаланың шыққан күні: 29.01.2020 11:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2020 11:28

Қаралым саны: 84