Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашлық басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Атырау қаласы 2020 жылғы 30 наурыз

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2020 жылғы 10 наурыздағы №36-ө бұйрығымен 2020 жылдың 10-30 наурыз аралығында инженерлік инфрақұрылымдарды

дамыту бөлімінің 2019 жылғы жұмысына ішкі талдау жүргізілді.

Талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №767 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы, Газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы зерделенді.

Көрсетілген құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жылғы анықталмаған.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мынадай мәселелер қарастырылды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызмет көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау функцияларын іске асыру;

6)бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Персоналды басқару бойынша:

Бөлімде 2 штаттық бірлік қарастырылған (басшы, бас-маман), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес инженерлік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Р.Мерекеев 2019 жылдың 3 желтоқсанында негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қызметкерлерді жауапкершілікке тарту жағдайлары болмаған, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша аффилирленген тұлғалар анықталмаған.

Бөліммен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілмейді, бақылау және рұқсат функциялары атқарылмайды.

Бөлімде талдау кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар жарияланбаған.

Бөлімге қатысты Талдау кезеңінде бөлімнің жұмысына қатысты жеке тұлғалардан 41 және заңды тұлғалардың 12 өтініштері түскен. Өтініш иелеріне уақытылы жазбаша түсінік берілген.

Жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша инженерлік-инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі С.Канапин

 

Жұмыс тобының мүшелері: Г.Арстанова

                                         З.Есенгереева

 

Таныстырылды:

Инженерлік инфрақұрылымдарды

дамыту бөлімінің басшысы Д.Куанышева


Мақаланың шыққан күні: 31.03.2020 12:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.03.2020 12:24

Қаралым саны: 141