Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Атырау қаласы 2020 жылғы 31 қаңтар

Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №2А бұйрығы негізінде 2020 жылдың 10-31 қаңтар аралығында өңірлік даму бөлімінің жұмысына ішкі талдау жүргізілді.

Талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 16 қарашадағы №767 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №165 «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі №86 «Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ережесін бекіту туралы» қаулысы, Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2020 жылғы 8 қаңтардағы №2А бұйрығы зерделенді.

Көрсетілген құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.

Аталған бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мынадай мәселелер қарастырылды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызмет көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау функцияларын іске асыру;

6) бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Персоналды басқару бойынша:

Бөлімде 4 штаттық бірлік қарастырылған (1-Басшы, 3-бас маман), сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қызметкерлерді жауапкершілікке тарту жағдайлары болмаған, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша аффилирленген тұлғалар анықталмаған.

Бөлім арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілмейді, бақылау және рұқсат функциялары атқарылмайды.

Бөлімді талдау кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар жарияланбаған:

Бөлімге қатысты талдау кезеңінде 1 өтініш түсті. Нәтижесінде жазба түрде өтініш иесіне түсінік берілген.

Жүргізілген талдау нәтижесінде өңірлік даму бөлімінде жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.

 

Жұмыс тобының жетекшісі М.Галимов

Жетекшінің орынбасары: М.Багитов

Жұмыс тобының мүшелері

Т.Байдошев У.Сакенов Е.Сарсекенов

Таныстырылды:

Өңірлік даму бөлімінің басшысы Р. Құрманғалиев


Мақаланың шыққан күні: 31.01.2020 16:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.01.2020 16:23

Қаралым саны: 122