Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.08.2020

Қызметтер

Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2019 жылдың 30 желтоқсандағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2019 жылдың  26 желтоқсандағы №167 Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әкімшілік қаржы бөлімінінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:

  1. Галимов Максут Мадиевич– жұмыс тобының басшысы;
  2. Багитов Максот Урынбаевич – жұмыс тобы басшысының орынбасары;
  3. Курмангалиев Руслан Нурлыгайнович– бөлім басшысы;
  4. Сакенов Уркен Жумагереевич– бөлім басшысы;
  5. Сәрсекенов Ерқанат Махамбетұлы - бөлім басшысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі:

Талданатын кезең: 2019 жылғы 27 маусым және 30 желтоқсан аралығы.

Ішкі талдау жүргізілетін бөлім атауы: Әкімшілк қаржы бөлімі.

Әкімшілк қаржы бөліміне қатысты 2019 жылғы 27 маусым мен
30 желтоқсан аралығында тексеру жүргізілген жоқ.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

 1) бөлімде штат кестесіне сәйкес 3 қызметкер жұмыс жасауда. Бөлімнің бас маман – И.Кешишьян бала күтімі демалысында, аталған лауазымға
2019 жылдың ақпан айынан бастап А.Кенешева тағайындалған, кадрлардың тұрақтамауы орын алмаған.  

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 30 желтоқсан жағдайы бойынша бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;                                                                                                                                                                                                                                                  

4) бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау әкімшілік қаржы бөлімі басқарманың бухгалтерлік балансы мен бухгалтерлік есебін жүргізу, бюджеттік қаржының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету; бөлімнің қызметін ұйымдастыру, келешек қаржы жылына бюджеттік өтінімдер жасауға қатысу, журнал-ордерлер бойынша алғашқы ауыстырымдар жүргізу, сметалық құжаттар, жоспарлар құру; шығыс сметаларын орындау және бюджеттік қаржыларды мақсатты орындау бойынша қаржы басқармаларымен өзара іс-әрекет жүргізу, еңбек ақы есебін жүргізу, басқарма қызметіндегі заңның сақталуын қамтамасыз ету; кадр жұмысын жүргізу, нормативтік актілердің, бұйрықтардың, шешімдердің және басқа құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу; сотта және басқа да органдарда басқарманың мүддесін қорғау; бұйрықтар, нұсқаулықтар, шарттар және басқа құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу; облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің өкімдері, шешімдері жобаларын дайындауға қатысу; басқарманың талап – арыз жұмыстарын жүргізу.

5) бөліммен бақылау функциялары іске асырылмайды.

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.  

Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

1) Басқармаға сыбайлас жемқорлыққа қатысты жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ;

2) прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ;

3) Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Тәртіптік немесе әкімшілік сипаттағы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық этикасын жетілдіру мақсатында жұмыстарды жалғастыру ұсынылады.

 

Қорытынды және ұсыныс:

Жұмыс тобы:

Жұмыс тобының басшысы ____________     Галимов М.М.

 

Мүшелер:

____________      Багитов М.У.

_____________   Курмангалиев Р.Н.

_____________   Сәрсекенов Е.М.

_____________    Сакенов У.Ж.

 

Келісемін:    

_____________   Байдошев Т.Г.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 12:12

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 14:46

Қаралым саны: 322